Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;
3.1.2.1 – көркем бейнені аша отырып, түрлі сипатты əндерді орындау;
3.1.3.3 – музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау жəне ажырату;
3.2.1.2 – қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару жəне суырыпсалма жасау үшін музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолдану.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
музыка жəне поэзияның байланысы туралы жалпы біледі;
С. Сейфуллиннің «Көкшетау» əнін талдайды;
А. Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» əнін орындайды;
тақырыпқа байланысты түсініктерді жалпылама біледі;
өз жұмысын таныстырады;
өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды.
Оқушылардың көпшілігі:
музыка мен поэзияның байланысын біледі;
С. Сейфуллиннің «Көкшетау»н əні тыңдайды жəне талдайды;
А. Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» əнін орындайды;
тақырыпқа байланысты түсініктерді біледі;
өз жұмысын таныстырады;
өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды.
Кейбір оқушылар:
музыка мен поэзияның байланысын біледі;
С. Сейфуллиннің «Көкшетау» əнін тыңдайды, талдайды жəне түсінік береді;
А. Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» əнін көркем орындайды;
тақырыпқа байланысты түсініктерді біледі;
өз жұмысын таныстырады жəне түсінік береді;
өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды, бағдар береді.