|
37-жаттығу. Суреттегілерге қосымша жалғап, екінші бағандағы сөздермен байла- ныстырып жазу тапсырылады.
Сергіту сәті. Нейрогимнастикалық жаттығу жасату
39-жаттығу саралау тапсырмасы ретінде орындалады.
1-деңгей.
Жарыстан кім бірінші, екінші, үшінші орын алды?
2-деңгей.
Егер сен үшінші орын алсаң, қандай көңіл күйде болар едің? Қосымша жалғанып тұрған сөздерді тап, сөз құрамына талда. 3-деңгей.
Жеңіске жету үшін адамға не керек? Оқушылардың ой ұшқырлығы бағаланады.
|
Жауапты жазбаша орындап, жұмыстарын топта оқиды. Қайсысы түбір, қайсысы қосымша екенін анықтап, дәлелдер келтіреді, жаңа сабақтан игерген білімдеріне кері байланыс жасайды.
Алдыңғы сабақтарда жасаған жаттығуларын қайталайды.
Саралау тапсырмасын орын- дайды. Мысалы, Әнуар бірін- ші, Талғат екінші, Мағжан үшінші орын алған болуы керек.
Қосымша жалғанып тұрған сөздерді тауып, сөз құрамына талдайды. Жеңіске қол жет- кізу үшін адамға күш-қайрат, ерік-жігер қажет. Көп еңбек- теніп, спортпен шұғылдану керек.
|
|
|
Соңы
(5 мин)
|
Бекіту
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі тапсырма орындалады.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар- ды мадақтап, белсенділігі төмен, орташа болған оқушыларды ынталандыру.
|
Дәптердегі шығармашылық тапсырманы орындайды.
Сызбаларды тиісті қосым- шалармен толықтырады. Әр сөзге сұрақ қояды.
|
Өзін-өзі бағалайды.
|
Түрлі түсті қарын- даштар, дәптер
|