2 есепті шығару.Аяқ қиім бағасына деген сұраныс пен ұсыныс кестеде берілген деп ұйғарайық:
р
1000
900
800
700
600
теңгемен
Qd
2
4
6
8
10
Парымен
Qs
10
8
6
4
2
Парымен
А) Аяқ-киімнің сұраныс пен ұсыныс графиктерін салыңдар. Аяқ-киім нарығындағы графикалық теңдік баға мен теңдік көлемді анықтаңдар.
В) Сұраныс пен ұсыныстыњ теңдігін жазыңдар. Теңдік баға мен теңдік көлемді аналитикалық жолмен есептеңдер.
С) Нарықта баға 980 тенге болып белгіленді дейік, нарықта артықшылық әлде тапшылық пайда бола ма әне оның көлемі қандай екендігін анықтаңдар.
Д) Нарықта баға 630 тенге болып белгіленді дейік,нарықта артықшылық әлде тапшылық пайда бола ма әне оның көлемі қандай екендігін анықтаңдар
Е) Тұтынушылардың табысы өсті дейік, бұл сұраныстың өсуіне әкелді:
Бағалау критериі:есептерді шешу, СӨЖ тапсырмаларын, семинар сабағында белсенділігін бағалау.
Тақырып 7. Капитал айналымы және шеңбер айналымы. Семинар сабағының жоспары Капитал нарығы және оның құрылымы.
Капитал және инвестиция. Негізгі капиталдың физикалық және моральды тозуы. Амортизация.
Семинар сабағының мақсаты – Негізгі және айналым қаражаттарына не кіреді, өндіріске қалай қатысады, оны қалай жұмсайды, өндірілген тауарлар құнына құнды қалай беретіндігін түсіндіру
Семинар сабағының міндеті – экономикада фирманың кемшілігі және оның себебін анықтау, кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі мен қызметтің түрлерін ашып көрсету.
Іскерлік, дағдылық және біліктілік Студент білуі керек нарық құрылымының негізгі түрлерін, ұзақ және қысқа мерзімдегі фирмалардың түрлері білу. Студент кәсіпкерліктің ұйымдық-құқық нысандарын білу керек.
Семинар сабағын өткiзу әдiсi – ауызша сұрау Реферат жазу және дайындық тақырыбы: 1.Қазақстандағы фирмалардың ерекшеліктері.
2. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы.
Тақырып бойынша қосымша сұрақтар Акционерлік қоғам және оның түрлері.
Серіктестік және оның түрлері.
Фирманың жіктелуі және оның экономикадағы рөлі.
Акция және оның түрлері.
Ірі кәсіпкерліктің ерекшеліктері.
Облигация дегеніміз не?
Тапсырма 1. Келесі терминдердің анықтамасын табыңыз: Терминдер
Анықтамалар: Пайда табу мақсатында өз ісін ұйымдастырушы, өз тәуекелімен және жауапкершілігімен әрекет етуші адам;
Пайда табу мақсатында тауар шығаруға және қызмет көрсетуге бағытталған қызмет;
Тауар шығару және өткізу, қызмет көрсету кезінде бір не бірнеше қызмет атқаратын дербес өндірістік шаруашылық бірлік;
Нәтижесі тауар мен қызмет көрсету болып саналатын қызмет;
Сатуға ұсынылатын экономикалық игіліктер;
Қатысушылары міндеттемелері үшін жауап бермейтін және залал шегу тәуекелін өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде мойнына алатын серіктестік;
Шаруашылық ұйым, онда құрушы және иесі фирманың ісі үшін толық жауап беретін және оның қызметінен түскен табысқа ие болу құқы бар бір ғана адам болады;
Екі не одан да көп адам ұйымдастырған және олардың меншігіде болатын бизнес;
Қатысушылары өздері құрған фирмадағы істер бойынша құқы мен міндеттемелері бойынша өзара тең серіктестік;
Фирманың міндеттемелері үшін өзінің бүкіл дүние мүлкімен ынтымақтаса жауап беретін толық мүшелерді және серіктестік дүние мүлкіндегі өз үлесі шегінде ғана жауап беретін мүше салымшыларды біріктіретін бизнес ұйымдастыру пішіні;
Барлық қатысушысы өз міндеттемелері үшін өз салымдары шегінде ғана жауап беретін серіктестік.