Сабақ жүргізудің Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент, 2019


Семинарлық сабақтарда қолданылатын кейбір әдістер түрлері



бет3/32
Дата20.09.2022
өлшемі393,5 Kb.
#39569
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
4-НОВ-МУ по семин.

Семинарлық сабақтарда қолданылатын кейбір әдістер түрлері
Семинарлық сабақ бұл студенттердің дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту, пысықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі. Оқыту әдістемесі – оқыту үдерісі барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекеттестік формасын көрсететін әдістер мен тәсілдердің бірлігі. Оқытудың негізгі үш әдісін көрсетуге болады: енжар, белсенді және интербелсенді әдістер.
Енжар әдіс – оқытушы мен білім алушының өзара әрекет формасы. Енжар әдісте оқытушы белсенді ролде болып, студенттер енжар тыңдаушы роліне енеді. Енжар әдісті ұстанғанда оқытушы мен студенттің арасындағы байланыс сұрақ-жауап, өзбетінше жұмыс, тест тапсырмаларын орындату т.б. формалар түрінде өткізіледі. Қазіргі жаңа технологиялар тұрғысынан қарастырған енжар әдіс ең тиімсіз әдістеме ретінде қарастыралады. Дегенмен де енжар әдістің де өзіндік тиіміді тұстары бар. Яғни шектеулі уақыт аралығында студентке көптеген мәліметті, ақпаратты жеткізу.
Белсенді әдіс – сабақ барысында оқытушы мен студенттің белсенді өзара әрекет формасы негізінде анықталып, студент тыңдаушы емес, белсенді қатысушы роліне еніп, оқытушымен бірдей деңгейде сабаққа атсалысады. Белсенді әдіс пен интербелсенді әдіс арасында айырмашылық бар. Интербелсенді әдіске негізделген сабақта студенттерді сабақ мақсатын шешуге бағыт беріп отыру, ал оның белсенді орындаушылары студенттер. Интербелсенді әдісті төмендегі сызбаға негіздеуге болады. Интербелсенді әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы себебі қазіргі қоғам талабына сай, тұлғаның ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру қажет. Жалпы, жаңарған оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы студенттердің қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көп вариантты және икемді болуы қажет.

Тақырып 1. Экономика пәні және зерттеу әдістері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет