Семинарсабағының мақсаты - өндіріс факторлары, өндіріс және ұдайы өндіріс, экономикалық қорлар ұғымын түсіне отырып айқындау.
Семинар сабағының міндеті – жалпы өндіріс проблемаларынан білім алу, шектеулі ресурстар және оларды пайдалану тиімділігі проблемаларын ашу; өндіріс мүмкіндіктері қисығы негізінде альтернативті және шекті шығындары бойынша практикада талдау жасауды білу.
Іскерлік, дағдылық және біліктілік Өндіріс процесінде бастапқы ресурстар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді, игіліктердің жасалуы жүзеге асады.Студент білуі керек «өндіргіш күш», «еңбек», «ресурс» деген түсінікті шешіп алу керек.
Семинар сабағын өткiзу әдiсi – ауызша сұрау, дискуссия
Тақырып бойынша қысқаша теориялық анықтама «Экономикалық теория» пәнінен қысқаша конспект дәрісінде көрсетілген.
Эссе тақырыптары: Экономикадағы таңдау мәселесі және ресурстарды пайдалану тиімділігі. Өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығы.
Адамның өндірістік іс-әрекетінің себептері және стимулы.
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс тиімділігі мәселелері.
Адам қажеттіліктері, оның түрлері және қанағаттандыру құралдары.