Сабақ кезеңдері Іс-әрекет кезеңі Ресурстар Кіріспе бөлім Негізгі бөлім



Дата22.05.2023
өлшемі21,35 Kb.
#95866
түріСабақ
Байланысты:
дұрыс тамақтану


Тақырыбы:

«Дұрыс тамақтану – білім алудың негізгі жолы»

Күні: 17.10.2022

Сынып: 9 Г

Қатысқандар:

Қатыспағандар:



Мақсаты:

Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру;
оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.

Күтілетін нәтижелер:



Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыланады

Қолданылатын әдістер:

әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас.

Сабақ кезеңдері

Іс-әрекет кезеңі

Ресурстар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім



Ұйымдастыру кезеңі
Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды
топтастырып, тақырыппен таныстыру.
І. Кіріспе бөлім:
Мұғалімнің сөзі: Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» деген.
Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1)Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (белок, май, көмірсу);
2)Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер);
3)Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4)Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5)Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
«Ашық микрофонға» шығып, өз білімімізбен бөліселік:
Дұрыс тамақтанудың жөнін білетін адамдар былай дейді:
-Дұрыс тамақтанудың екі түрлі шарты бар.Ол уақытында тамақтану және тамақты түрлендіріп жеу қажет дейді.
-Уақытында тамақтану дегенмен келісесіздер ме? Егер келіссеңіздер, неге?
-Тамақты түрлендіру қажет пе? Не үшін?


«Тамақты шын көңілмен сүйсініп ішу керек» И. П. Павлов
Жалпы дұрыс тамақтану деген сөзге толығырақ тоқталсақ:

  1. Уақтылы тамақтану.

Яғни тамақты белгілі бір уақытта ішуге тырысу. Мезгілсіз ішілген тамақ зиян. Мысалы ұйқыға жатар алдында тамаққа тою бұл асқазанға ауырпалық түсіреді. Және тамақ ішпей жүре беру, шала-шарпы, асығыс тамақтану. Бұл да адам денсаулығына зиянды.

  1. Тамақты дұрыс ішіп-жеу.

Тамақ жегенде дұрыс, асықпай жеу керек. Асығып, дұрыс шайнамай жеу де зиян.

  1. Пайдалы дәрумендері бар тағам, жеміс-жидектер жеу. Жеміс-жидектер адам организіміне өте пайдалы.

  2. Ет, сүт тағамдарын жеу. Бұл да адам денсаулығына пайдалы. Сонымен бірге дұрыс тамақтануға тазалық сақтау да жатады. Ас ішерде міндетті түрде қолды сабындап жуу керек. Жеміс-жидектерді жуып жеу керек.

Тамақтану мәдениеті


- Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын қуатына сай тамақтануы тиіс.- Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.- Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.- Қатты ыстық тамақты, қатты суық тамақты ішуге болмайды, тістің эмалін бұзады- Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.- Тамақтын түрін өзгертіп тұру керек-Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.- Тамақты асықпай шайнап жеу керек
- Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек- Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек
Адам баласы өмірде екі нәрсенің қадірін білмейді. Біріншісі - денсаулық болса, екіншісі – жастық шақ. Кішкентай кезден адам баласы пайдалы тамақтармен, түрлі дәрумендермен уақытылы тамақтанса, сонда ғана баланың денсаулығы мықты әрі күшті, ой-өрісі кең болады.
Балалар карантин талаптарын сақтаңдар үйден шықпаңдар,ойын сауық орталықтарына бармаңдар.Далаға шығарда маска тағындар қолдарыңды мұқият сабынмен жуындар.Көкеністерді жуып жеңдер. Тазалық-денсаулық кепілі!
Неге «Ас-адамның арқауы» деп айтады? (Эссе жазу)





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет