Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері


Бiлiмдi бақылау жəне бағалаудың түрлерi, əдiстерi мен формалары



бет25/33
Дата18.03.2022
өлшемі71,73 Kb.
#28388
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
2. Бiлiмдi бақылау жəне бағалаудың түрлерi, əдiстерi мен формалары

Педагогика ғылымы саласында бiлiм, бiлiк, дағдыны бақылаудың көптеген түрлерi кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделiктi, оқтын-оқтын, қорытынды деген пiкiрлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделiктi, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды жəне емтихан деген көзқарастарын бiлдiредi. Е. А. Дмитриев - күнделiктi, тақырыптық жəне қорытынды, нəтижесi деген тұжырымға келген.



Күнделiктi бақылау оқыту процесiнде күнделiктi қолданылады жəне сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық əрекетiне басшылық жасайды. Ол iшкi жəне сыртқы байланысты жан- жақты жүзеге асырауға мүмкiндiк туғызады, соның негiзiнде оқушылардың келесi оқу əрекетiне ықпал етедi.

Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгiлi тақырыптар бойынша өткiзiледi. Сабақтың тақырыбы жəне əрбiр кезеңдерi негiзiнде оқушылардың бiлiмдi, iскерлiктi, дағдыны игеруi тексерiледi. Сонымен бiрге, мұғалiм жаңа тақырыптың кейбiр басты мəселелерiн өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбiр ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердi оқушы-лардың есiне салады.

Қорытынды бақылау - барлық пəндер бойынша жыл аяғында өткiзiледi. Бақылау процесiнде тақырыптық жəне тарау бойынша бақылау нəтижелерi есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық жəне тəжiрибелiк бiлiмдерi анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негiзi емтихан жəне оқушылардың жылдық үлгерiм бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерiм бағаларынан педагогикалық кеңестiң шешiмi бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау əдiстерi арқылы оқушылар жұмысының тиiмдiлiгi мен мазмұны туралы керi байланыс қамтамасыз етiледi. Бақылау əдiстерiне ауызша, жазбаша жəне графикалық бақылау əдiстерi жатады. Бұл əдiстерге қарағанда бағдарламалап бақылау əдiстерiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар. Олар машинасыз жəне машиналы бағдарламалап бақылау əдiстерiне бөлiнедi.

Бiлiмдi бақылау жəне бағалау ғылыми дəлелденген, тəжiрибеде қолданылған принциптер негiзiнде жүргiзiледi: əдiлдiк, жан-жақтылық, жүйелiк, жеке-даралық, диф-ференциалдық жəне тəрбиелiк.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет