Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері



бет27/33
Дата18.03.2022
өлшемі71,73 Kb.
#28388
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Диффериенциалдық қатынас - əрбiр пəннiң ерекше-лiгiн, жекелеген бөлiмдерiн, сонымен бiрге оқушылардың жеке-дара қасиетiн ескерiп, соған сəйкес бақылаудың əртүрлi əдiстерi мен мұғалiмнiң педагогикалық əдеп сақтауын талап етедi.

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенiмдiлiгiн жəне оқыту процесiнде өздерiнiң алдында тұрған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi, бақылауда əр түрлi қателiктер мен сəтсiздiктердiң болмауына кепiлдiк жасайды.

Оқушылардың бiлiм, бiлiк жəне дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгiлi бiр əдiстердi қолдану негiзiнде жүзеге асады. Олар мыналар:

- ауызша __________баяндау (əңгiме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).

- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).

- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тəжiрибе жүргiзу).

- машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдердi қолдану).

- өзiн-өзi бақылау, бағалау (қателердi болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетiстiктерiн бағалау, соған сəйкес балл қою).

Оқыту процесiнде бақылаудың фронтальдық, топтық жəне дербес формалары қалыптасқан. Оның тиiмдiлiгi - мұғалiмнiң оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.

Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бiрдей тапсырмалар берiледi. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезiм пайда болады, бiр-бiрiне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған

жұмыстарды өзара тексерiп, iске асырады. Демек, бiрiгу iс-əрекетiнде əлеуметтiк құнды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгiлi оқушылар тобы сабақ барысында мұғалiмнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбiр оқушылар түрлi себептерге байланысты (сабақ жiберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмектi қажет етулерi мүмкiн. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.

Бақылаудың дербес формасы əрбiр оқушының бiлiмiн, iскерлiгiн жəне дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкiндiк бередi. Дербес бақылау бағдарламалап жəне дифференциялы оқыту барысында жақсы нəтиже бередi. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бiрiздiлiгi, олар өз пiкiрлерiн қалай байымдайды, қалай дəлелдейдi, мiне, осы мəселелерге аса көңiл аудару керек.

Оқыту процесiнде оқушылардың өзiн-өзi бақылауы өте қажет. өзiн-өзi бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген iскерлiгi жəне дағдысының берiктiгi жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етедi. өзiн-өзi тексеру арқылы оқушылардың алған бiлiмiне сенiмi артады, орындаған жаттығу, есеп шығару жəне тəжiрибе жұмыстарының нəтижесiн бағалайды.

Баға бiлiмдi есепке алу ғана емес, ол тəрбиелiк құрал. Сондықтан, оқушы бiлiмiн бағалауда немқұрай-лылыққа салынуға болмайды.

Баға ''балл'' есебiнде көрсетiледi. Келесi кезекте баға жəне оның өлшемi қандай, соған тоқталамыз. Қазiргi кезде бiлiм беру саласының барлық құрылымында оқу-таным əрекетiнiң сапасын анықтайтын дəстүрлi ''5'' балдық жүйелер қолданылады.

Емтихан - оқушылардың бiлiмiн қорытынды тексеру-дiң жəне бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгiзiлген) оқушылардың бiлiмiн жинақтауға жəне бiр жүйеге келтiруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседi.

Емтихан мен жылдық үлгерiм бағаларынан педагогикалық кеңестiң шешiмi бойынша қорытынды бағалар шығарылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет