Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері


Қазiргi кездегi оқыту жүйесiндегi бiлiмдi тексеру, бақыла



бет28/33
Дата18.03.2022
өлшемі71,73 Kb.
#28388
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
дәріс тезистері

3. Қазiргi кездегi оқыту жүйесiндегi бiлiмдi тексеру, бақылау жəне бағалаудың жаңа әдістемесі

Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын үнемi жетiлдiрiп отыру - өмiр талабы. Бiлiм беру саласында оқу-таным əрекетiнiң сапасын, дəрежесiн есепке алу, тексеру жəне бағалаудың бiлiм, бiлiк, дағдының нəтижесiн арттыруда қызметi ерекше. Сөйтiп, оның әдістемесін əркезде өмiр талабына сай жетiлдiрiп отыру оқыту мiндеттерiнiң өзектi мəселелерiнiң бiрi.

Күнi бүгiнге дейiн оқыту саласында қолданылып жүрген бiлiм, бiлiк жəне дағдыны тексеру мен бағалаудың ''5'' балдық жүйесi, оның сапасын, дəрежесiн анықтап, белгiлеуде барлық жағдайда объективтiк тұрғыда қамтамасыз етпейдi. Соның нəтижесiнде қазiргi кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесiндегi рейтинг - тестiк жүйе оқу-таным əрекетiнiң сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрi өмiрге келдi.

Рейтинг - ағылшын тiлiнде torat - ''бағалау'' немесе ''жетiстiк өлшемi'' деген ұғымды бiлдiредi.

Рейтинг жүйесiнiң мақсаты:

- оқу-таным əрекетiнiң сапасын, нəтижесiн арттыру;

- оқу-таным əрекетiнiң сапасын тексеру, бағалаудың тиiмдiлiгiн жетiлдiру жəне əдiлдiгiн орнықтыру;

- оқу-таным əрекетiндегi бiлiм, бiлiк, дағды сапасын, дəрежесiн бақылауда жүйелiлiктi қамтамасыз ету;

- оқу-таным əрекетiндегi студенттердiң жауапкершiлiгiн, белсендiлiгiн арттыру;

- тексеруде уақытты үнемдеу.

Бұл жүйенiң ерекшелiгi оқытушының педагогикалық əрекетi мен студенттердiң оқу əрекетiнiң сапасын жақсартуға мүмкiндiк туғызады, оқу процесiнiң барлық кезеңдерiнде олардың бiлiм, бiлiк, дағды нəтижелерiн тексеру, бақылау жəне бағалаудың тиiмдiлiгiн арттырады.

Бақылауда рейтинг-тестiк жүйесiн қолдану ерек-шелiгi, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлiк, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) бiрiктiрiледi.

Модульдердiң саны оқу пəндерiнiң мазмұнының көлемiне байланысты белгiленедi. Модульдердiң құрылымы оқу материалының белгiлi бiр бөлiктерiнен (порция) тұрады. Əрбiр модуль нақтылы мiндеттерден жəне өзбетiнше тереңдетiп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.

Рейтинг-тестiк бақылау түрлерiне:

а) күнделiктi немесе ағымдық (текущий),

ə) аралық (рубежный),

б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.

Күнделiктi немесе ағымдағы бақылау əрбiр модулдер бойынша жүргiзiледi. Ол курстың белгiлi бiр тарулары немесе бөлiктерi, болмаса күрделi тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады.

Аралық бақылау əрбiр модульдер аяқталған кезеңде жүргiзiледi. Осы аралықта коллоквиум, реферат қорғау, өзiндiк жұмыстарын қолдануға болады. Дегенменде, тестiк жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебi,

- тест бағалау нəтижесiн нақты көрсетедi;

- уақытты үнемдi пайдалануға мүмкiндiк туғызады;

- бақылау бiр мезгiлде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткiзедi;

- тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бiрдей тең жағдайда болады.

Қорытынды бақылау: емтихан тестiк форма негiзiнде жүргiзiледi. Тестiк тапсырманың түрлерi бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай анықталады. Ол бiрнеше нұсқада жасалуы қажет.

Сондықтан оқушылардың дербестiгiн, белсендiлiгiн арттыруда мұндай өзiндiк əрекеттерге үйрету маңызды мəселе болмақ. Оларды өз жұмыстарының нəтижесiн бағалай бiлуге үйретудiң тəрбиелiк маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет