Молярлық немесе үлесті жұтылу коэффиценті арқылы концентрацияны анықтау:
моль/л немесе
,г/100мл
Бір стандарт тәсілі. Бұл жағдайда тек бір эталон ерітіндісін даярлайды, бұл ерітіндінің концентрациясы зерттелетін ерітіндідегі заттардың концентрациясына жақын болуы тиіс. Екі ерітіндінің де оптикалық тығыздығын өлшейді, белгісіз концентрацияны есептейді. DX=εCXh, DCT=εCCTh , ε және h шамалары бірдей болса, онда DCTCX= DXCCT немесе
,
3) Үстеме тәсіл. Зерттелетін ерітіндінің екі аликвотты көлемін алады. Біреуіне концентрациясы белгілі осы қосылыстың белгілі көлемін алып қосады. Екінші аликвотқа дәл сондай көлем еріткіш қосады. Бір жағдайда түзіген ерітінділердің оптикалық тығыздықтарын өлшейді.
Dст = Dж - Dx , ,
4) Градусталған график тәсілі. Бірнеше стандартты ерітінділер даярлайды, оптикалық тығыздықтарын өлшейді. Алынған мәліметтерден график сызады. Содан соң зерттелетін қосылыстың оптикалық тығыздығын өлшеп графиктен белгісіз концентрацияны анықтайды.
Әдістің құндылығы. Молекулалық абсорбциялық тәсілдің басқа әдістерге қарағанда бірнеше артықшылықтары бар: 1) талғағыштығы жоғары; 2) сезгіш; 3) анықтау шегі өте төмен (10-9-10-6 г/мл) өлшеу жеңіл, орындалуы тез. Көптеген химиялық элементтерді және дәрі-дәрмектерді, препаратты анықтау әдістемелері оқулықтарда келтірілген. Металл-иондарының аквакомплекстері, көпшілік аниондар спектрдің көрінетін ауданында сәулеленуді нашар жұтады. (Е ≈ 10-1000), сондықтан оларды химиялық реакция нәтижесінде сәулеленуді қарқынды жұтатын қосылыстарға айналдырады (ол көбіне, органикалық лигандалармен комплексті қосылыстарға байланыстыру). Көптеген органикалық қосылыстар (гормондар, аминоқышқылдар) ультракүлгін ауданда сәулеленуді қарқынды жұтады, бұл жағдайда ешқандай қосымша реакциялар қажет болмайды. Оптикалық тығыздықты, яғни жұтылуды өлшеу үшін екі түрлі аспап пайдаланылады: фотоэлектроколориметрлер (монохроматталуы 10-40 нм), спектрофотометрлер (монохроматталуы 0,5-1 нм). Фотоэлектрокололиметрлерді спектрдің көрінетін ауданында жұтылуды өлшеу үшін пайдаланылады. Спектрометрлерді жүйелерді зерттеу үшін кейде анықталатын заттың концентрациясын анықтау үшін пайдаланады (10-4-10-5 М).
Достарыңызбен бөлісу: |