Сабақ. Лекция тақырыбы: Оптикалық талдау әдістері. Фотоэлектрокалориметрия. Спектрофотометрия


Дифференциалды фотометрия теориясы



бет7/8
Дата25.04.2023
өлшемі95 Kb.
#86702
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15 практ сабақ

Дифференциалды фотометрия теориясы бойынша неғұрлым салыстырушы ерітіндінің жұтылуы жоғары болса, соғұрлым өлшеу қатесі төмен болады. Дифференциалды фотометрия әдісі жоғары концентрациялы ерітінділерді зерттеу үшін пайдаланылады. Анықтау дәлдігі жоғары. Фотометриялық анықтау қатесі 5%, дифференциалды фотометрия да 0,5%.
Бұл тәсіл үш бағытта дамыды:
1. Жоғары концентрацияларды анықтауда;
2. Түсті қосылыстардың кедергі әсерін жою үшін;
3. Жұтатын реактив пайдалану.
Экстракция-фотометриялық әдіс. Экстракция-фотометриялық әдіс екі сатыдан тұрады:
1) зерттелетін қосылысты еріткішпен экстракциялау;
2) экстрактың жұтылуын өлшеу.
Экстракция үлестіру заңымен сипатталады:

қосылыстың табиғатына тәуелді. Экстракция мен фотометрия тәсілдерін байланыстыру сандық талдауда жақсы нәтиже береді, соның ішінде түсті компоненттерді зерттеген жағдайда. Қажетті еріткіш және ортаның рН-ын тауып, экстракция процесінің талғағыштық дәрежесін арттыруға болады.
Артықшылығы: Талғағыштығынан басқада ол: анықтау шегі өте төмен, сезгіштігі өте жоғары, көлемі үлкен ерітінділерден зерттелетін қосылыс органикалық қабатқа концентрленеді, сөндірудің молярлы коэфицентті органикалық қабатта артады.
Фотометриялық титрлеу. Егер түсті ерітінді Бугер-Ламберт-Беер заңына толық бағынатын болғандықтан, жарық жұтылу мен концентрация тура пропорционалдық байланыста болады, осыны пайдаланып фотометриялық титрлеудің соңғы нүктесін анықтауға болады. Спектрофотометриялық титрлеу қисықтарының түрі әртүрлі болу
мүмкін. Қисықтардың түрі таңдалған толқын ұзындығында реакцияның қандай компоненттері сәулеленуді жұтатынына байланысты.

1) Бұл жағдайда анықталатын қосылыс түсті, яғни анықталатын қосылыс жарықты жұтады;
2) Титрант түсті, зерттелетін қосылыс және реакция өнімі түссіз;
3) Реакция өнімі түсті, зерттелетін қосылыс және титрант түссіз;
4) Титрантта және зерттелетін қосылыста жарықты жұтады.
Артықшылықтары:
1. Тәсіл талғағыш.
2. Бір сынамадан бірнеше компонентті анықтауға болады.
3. Түсті ерітінділерді зерттеуге болады.
4. Концентрациясы өте төмен (10 г) ерітінділерді зерттеуге болады.
5. Эквиваленттік нүктеде аяқталмайтын реакцияларға пайдалануға болады.
6. Қышқылдық-негіздік, тотығу–тотықсыздану титрлеу тәсілдерін пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет