Сабақ. Лекция тақырыбы: Оптикалық талдау әдістері. Фотоэлектрокалориметрия. Спектрофотометрия



бет6/8
Дата25.04.2023
өлшемі95 Kb.
#86702
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15 практ сабақ

Спектрофотометрияның мүмкіндігі. Спектрофотометриялық талдауда монохроматты сәулеленуді және кең толқын диапозонын пайдаланылу нәтижесінде, оның фотоэлектроколотиметриялық тәсілге қарағанда бірнеше артықшылығы бар:
- түсті қосылыстармен қатар түссіз қосылыстарды да анықтауға болады;
- дәлдігі және сезгіштігі өте жоғары;
- көп компонентті жүйелерді бөлмей зерттеуге болады;
- ерітіндіде қосылыстардың күйін зерттеуге мүмкіндігі бар;
- жұтылу жолағы тар қосылыстардың спектрін зерттеуге мүмкіндігі бар.
УК ауданындағы спектрофотометрия. Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың құрылымын, қосылыстарды ұқсастыру үшін және сандық құрамын анықтау үшін кеңінен пайдаланылады. Сандық анықтау жұтылудың максимумы қарқындылығын өлшеуге негізделген. Қосылыстарды ұқсастыру стандартты үлгінің спектрімен белгісіз заттың спектрін ұқсастыруына негізделген. Әр қосылыстың функционалды топтарының жұтылу жолағы түрлі болуы дәрі-дәрмектерді қоспада талдауға мүмкіндік береді.
0 сутектік байланысты, молекулалардың ассациациялануын, комплекстүзілу, изомер құбылыстарын зерттеу үшін пайдаланады. ИҚ спектрлердің функционалды топқа немесе байланысқа сәйкес бірнеше жұтылу жолағы болады, сондықтан оларды түсіндіру өте қиынға соғады. Спектрофотометриялық талдауда ИҚ спектрді орындалған жағдайда, зерттелетін үлгі тазартылған вазелинмен үгітіледі, сосын супсензия күйінде кюветаға салынады немесе КВч таблеткаға престелінеді немесе қажетті еріткіштерде (хлороформ, гексан, төтрхлорлы көміртек) ерітіледі. Вазелин, КВч, органикалық еріткіштер ИҚ спектрінде мөлдір. Суды ИҚ спектрде пайдаланбайды, себебі ол кюветаны ерітеді және ОН-тобы жұтылу ауданында мөлдір емес. ИҚ спектрофотометрия қосылыстардың құрылымын анықтау үшін пайдаланылады, фармацевтикада майларды, дәрі-дәрмектерді талдау үшін пайдаланылады.
Дифференциалды фотометрия тәсілі зерттелетін затты анықтаудың салыстырмалы қатесін 0,1%-ға дейін кемітеді, ол үшін зерттелетін ерітіндінің және стандартты ерітіндінің жұтылуын зерттелетін қосылыстың белгілі концентрациялы ерітіндісімен салыстырады. Зерттелетін ерітіндінің белгісіз Сх концентрациясын түрлі тәсілмен анықтайды: градусталған график тұрғызу немесе есептеу арқылы.
Сх = Со + F·Dx, мұнда Со – қосылыстың белгілі концентрациялы ерітіндісі; Сх – – қосылыстың белгісіз концентрациялы ерітіндісі; Сст – стандартты ерітіндінің концентрациясы.
,
мұнда F – есептеу факторы; Dx және Dcт – белгісіз және стандарт ерітіндісінің Со ерітіндіге қатысты өлшенген жұтылуы. F – 5-7 стандартты ерітінділерге эксперемент нәтижесінде анықталған есептеу факторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет