Сабақ. Лекция тақырыбы: Оптикалық талдау әдістері. Фотоэлектрокалориметрия. Спектрофотометрия



бет2/8
Дата25.04.2023
өлшемі95 Kb.
#86702
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15 практ сабақ

Оптикалық әдістерді топтастыру
Оптикалық әдістерді:
1) шешілетін мақсаттарға байланысты;
2) пайдаланылатын тәсілдер бойынша;
3) алынатын мәліметтерге қарасты;
4) жарықты тіркеу тәсіліне байланысты түрліше топтастыруға болады.
Ерітінділердің оптикалық қасиеттері
Кез келген оптикалық (фотометриялық) анықтауда зерттелетін ерітінді спектрдің белгілі бір ауданында сәулені жұтуы тиіс. Демек фотометриялық реакция аяғына дейін жүруі тиіс, оның өнімінің құрамы тұрақты және пайдаланылатын спектр ауданында жұтылуы жоғары болу қажет.
Спектрлік ауданды таңдау. Сандық анықтауларда жұтылуды өлшеуді анықталатын компонент немесе фотометриялық реакция өнімінің сәулеленуді жұтатын ең жоғары спектр ауданында орындайды. Бұл сандық анықтауды жоғары дәлдікпен және сезімталдықпен орындауға мүмкіндік береді. Ерітінділердің түсі еритін қосылыстың табиғатына тәуелді. Егер зерттелетін қосылыс спектрдің белгілі бір ауданында оптикалық әрекеттесетін болса, онда ол белгілі бір толқын ұзындығындағы сәулені жұтады. Осы ерітіндіден өтетін сәуленің спектрі басқа. Байқалатын спектр - бұл қосылыстың бір бөлігімен жұтылған жарық. Ерітінді сәулесі максималды өткізетін түске боялады. Неғұрлым ерітіндіде қосылыстың боялған бөлшектері көп болса, соғұрлым жарық жұтылуы жоғары болады.
Негізгі шамалар және электромагнитті сәулеленудің негізгі заңдары.
Сәулеленудің жұтылуын бағалау үшін екі өлшенетін шама пайдаланылады: өткізу және жұтылу немесе оптикалық тығыздық. Егер зерттелетін ерітіндісі бар кюветаға сәулеленудің монохроматты ағынын жіберсе, онда ерітіндіден өткеннен кейін оның қарқындылығы кемиді. Жарық ағыны қарқындылығының кемуі қосылыстың сәуле энергиясын жұтуымен және сәулеленудің кюветаның қабырғасымен және еріткішпен шағылысуына байланысты.
Жұтатын қосылыстары бар ерітіндіден өтетін монохроматты сәуленуді келесі теңдеу арқылы сипаттауға болады: Io = It + Ia + Ir
It-ерітіндіден өткен сәулеленудің қарқындылығы;
Ia-ерітіндіде жұтылған сәулеленудің қарқындылығы;
Ir-кювета қабырғасымен және еріткішпен шағылысқан сәулеленудің қарқындылығы;
Шағылысу нәтижесінде жоғалған сәулеленудің қарқындылығын теңестіру үшін зерттелетін ерітіндісі бар кюветадан өткен сәулеленуді еріткіші бар кюветадан өткен сәулеленумен салыстырады. Бұл тәсіл It/Io қатынасты анықтауға мүмкіндік береді, бұл қатынас өткізу деп аталады, Т әріпімен белгіленеді. Т= It/Io. lgIo/It жұтылу немесе оптикалық тығыздық деп аталады, D немесе А әрпімен белгіленеді. D = lgIo/It = -lgT.
Спектрохимиялық аспаптардың шкаласы Т және D шамаларымен градусталған. Т 0-100 % дейін, D шамасы 0-1-ге дейін өлшей алады.
Бугер-Ламберт-Бер заңы. Сандық-молекулярлық-абсорбциялық талдаудің негізінде жарық жұтудың Бугер-Ламберт-Бер біріккен заңы жатады. Бұл заң ерітінді қабатынан өтетін монохроматты ағынның ерітінді қабатымен және қосылыстың концентрациясының байланысын сипаттайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет