Бөлек жазылатын сөздердің емлесі.
§27. Толық мағыналы сөзбен тіркескен saıyn, keıin, buryn, deıin, sheıin, men, ben, pen, qoı, ǵoı, da, de, ta, te, ma, me, ba, be, pa, pe, she шылаулары бөлек жазылады: jyl saıyn, aı saıyn; sabaqtan keıin; budan buryn; jınalysqa deıin; túske sheıin; qalam men qaǵaz, kitap pen dápter; kerek qoı, kóre ǵoı; ol da, men de; halyq ta, úkimet te; Bar ma? Sóıleı me? Suraq pa? Kóp pe? Az ba? Kem be? Sen she?
Е с к е р т у. Ma (me, ba, be, pa, pe) сұраулық шылауы түбір сөз бен қосымша арасында қолданылғанда my (mi, by, bi, py, pi) болып өзгерген қалпында бірігіп жазылады: Baramysyń? Kelemisiń? Sultanbysyń? Tólenbisiń? Qazaqpysyń? О́zbekpisiń?
§28. da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келген күрделі сөздер бөлек жазылады: ý da shý, as ta tók, ur da jyq, qara da tur, kir de shyq. Бірақ -tyq, -tik қосымшасымен келгенде бірге жазылады: urdajyqtyq, astatóktik.
§29. Негізгі сөзге тіркескен aldy, arty, asty, ústi, mańy, jany, ishi, syrty, basy, tusy, sheti, boıy сияқты көмекші есімдер бөлек жазылады: esik aldy, úı arty, kópir asty, qala mańy, bazar jany, aýla ishi, qora syrty, qystyń basy, júrek tusy, aýyl sheti, ózen boıy, tula boıy.
Е с к е р т у. Aldy, arty, asty, ústi көмекші есімдерімен келіп, атаулық мағынаға ие болған сөздер бірге жазылады: saılaýaldy naýqan, mektepaldy top, tilarty dybysy, sózaldy syńary, tisarty daýyssyzy, jerústi jumystary, jerasty sýlary.
§30. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады: qas batyr, baǵy jandy, ıek artty, bas tartty, bet burdy, qol jalǵady, qol ushyn berdi, ıin tires, qyrǵı qabaq. Бірақ атау сөздің орнына жүретін лексикаланған тіркестер бірге жазылады: basqosý, atsalysý, aqkóńil
15-сабақ
Тазалық – денсаулық кепілі. Бірге жазылатын сөздердің емлесі. (§31, §32, §33, 34).
Тазалық – денсаулық кепілі
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі.
Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Денсаулығымызды бір бұзып алсақ, ақшаға да сатып ала алмаймыз. Ал таза жүрсек, ауру-сырқаудан аман-сау боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |