Бірге жазылатын сөздердің емлесі. (§31, §32, §33, 34).
§31. Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылады: jertóle, baǵdarsham, beınebaıan, sýsabyn, kereńqulaq (өс.), ıtsandyq (өс.), kelteshash (өс.).
§32. Екінші сыңары -lyq (-lik, -dyq, -dik, -tyq, -tik) қосымшасымен келген қоғамдық, әлеуметтік лексика, -ar (-er) қосымшасымен келетін әдет-ғұрып, кәде атаулары, -lar (-ler, -dar, -der, -tar, -ter) қосымшасымен келетін ботаникалық, зоологиялық атаулар, -qysh (-kish, -ǵysh, -gish) қосымшасымен келетін құрал-сайман және техника атаулары, -ty (-ti, -dy, -di), -pa (-pe, -ba, -be, -ma, -me), -ys (-is, -s), -ǵy (-gi, -qy, -q) қосымшасымен келетін лексикаланған тұрақты тіркестер мен зат атаулары бірге жазылады: ortaazıalyq, jerjúzilik, arampıǵyldyq, búkilálemdik, jalpyhalyqtyq, birrettik; aýyzashar, atqaminer; ashatuıaqtylar, balyqqorektiler, jalańkózdiler, aǵashkemirgishter; kespekeskish, sabynsalǵysh, órtsóndirgish; sharýabasty, nemketti, súıkeısaldy; alypqashpa, baýkespe, janbaǵys, kireberis, kúnkóris; aýaqyzdyrǵy, aýasúzgi, bórioınaq.
§33. Бірінші сыңары ásire, bir, kóp, jalpy сөздерімен және avan, avıa, avto, agro, antı, aero, gıdro, gıper, eýro, ızo, ıntra, ınfra, kıno, mega, mını, radıo, tele, trans, ýltra, foto, elektr шеттілдік сөздерімен, сондай-ақ beı қосымшасымен келген атаулар бірге жазылады: ásiresolshyl; birjutym, birqaınatym; kópmándi, kópmúshe; jalpyulttyq, jalpymemlekettik; avansahna, avıamektep, avtojol, agrokeshen, antıdene, aeroshana, elektrsúzgi, fotosýret, gıdrobeket, gıperbelsendi,ınfraqurylym, ıntraqurylym, ızosyzyq, kınoqondyrǵy, radıobaılanys, telearna, transshekara, ýltradybys, еýrosport, megajoba, mınıjoba, beıkúná, beıhabar.
§34. Екінші сыңары aralyq, qumar, jandy, taný, tanym, jaı, hat, aqy, ishilik сияқты сөздермен және -symaq қосымшасымен келген атаулар бірге жазылады: halyqaralyq; ataqqumar; ultjandy; jaratylystaný; tiltanym; jylyjaı; ashyqhat (ashyqhat syılaý); zeınetaqy; mekemeishilik; ákimsymaq. Бірақ анықтауыштық қатынас сақталған күрделі сөздер бөлек жазылады: ashyq hat, qyzmettik hat.
Достарыңызбен бөлісу: |