Сабақ Лексикалық тақырып: Мемлекеттік тіл Грамматикалық тақырыбы : Латын әліпбиінің тарихи кезеңі Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауызекі сөйлеуге қалыптастыру. Жұмыс жоспары


§37. Лексикалық мағынасынан ажыраған



бет18/35
Дата28.03.2023
өлшемі0,61 Mb.
#76821
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
Латын жазуы китап

§37. Лексикалық мағынасынан ажыраған qoı, sıyr, túıe, bota, qozy, at, qoıan, aıý, bóri, qasqyr, ıt немесе qum, sý, bal, ý, sor сөздерімен тіркескен ботаникалық, зоологиялық атаулар бірге жазылады: qoıjýsan (өс.), sıyrjońyshqa (өс.), botabúrgen (өс.), qozygúl (өс.), atqulaq (өс.), qoıansúıek (өс.), aıýbaldyrǵan (өс.), aıýbadam (өс.), bóriqaraqat (өс.), qasqyrjem (өс.), ıtbúldirgen (өс.), qumberish (өс.), sýbetege (өс.), balqaraǵaı(өс.), ýkekire, ýbıdaıyq (өс.), sorqańbaq (өс.).
Ескерту. Aq, qara, qyzyl, qońyr, sur, shubar сөздері аң-құс, өсімдік түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: aq alabota, qara qarǵa, sur jylan, shubar baqa.
§38. Eкінші сыңары shóp, gúl, tiken, japyraq, tamyr, qus, balyq, qurt, jıdek, jemis, qat сияқты жалпы атау болып келетін ботаникалық атаулар бірге жазылады: emenshóp, qońyraýshóp; kúımesgúl, qaltagúl; sortiken, shaǵyrtiken; túımejapyraq, sútjapyraq; altyntamyr, beltamyr; totyqus, kókqus; taraqbalyq, qylyshbalyq; qaraqurt, bósirqurt; qyzyljıdek, ıtjıdek; tamyrjemis, torjemis; qaraqat, qyzylqat.
§39. Лексикаланған фразеологизмдер және олардың қосымшалы түрлері бірге жазылады: aqsaqal, aqsúıek, aqnıet, aqnıettik, aqkóńil, aqkóńildilik; kóshbasshy, dúnıeqońyzdaný, erjúrek, erjúrektik, janpıda, janpıdalyq, ataqonys; basqosý, atsalysý, atústi.
17-сабақ
Туған жер 
Дефиспен жазылатын сөздердің емлесі.


Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе туған кент. Әр адамға өз туған жері ыстық. Туған жер -бұл сөздерді естігенде жан-дүниеңе ыстық сезім ұялайды. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас- деген қанатты сөз бар. Шынымен де, туған жердің әрбір тау мен тасы өзені мен көлі, ауасы мен топырағы бәрі де адам үшін ыстық болады. Адамның туған жері көзге жылы, көңілге ыстық көрінеді. Адам баласы туған жерін ешқашан ұмытпайды. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүреді. Кіп-кішкентай блбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде «Шетте сұлтан болғанша, елде ұлтан бол» - деген мақалды дана халқымыз жайдан жай айтпаған болар. Сондықтан да өз туған жерімізді, Отанымыз қастерлеп және бағалауымыз керек!



ДЕФИСПЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ
Қос сөздер дефис (-) арқылы жазылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет