Сабақ үлгілері ( әдістемелік құрал ) АҚтау 2021 «Бекітемін»


Сабақ соңында нені білеміз?



бет5/19
Дата25.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#97534
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Сабақ соңында нені білеміз?
1. әдеби шығарманың уақыт пен кеңістік композициясын, жанрлық ерекшелігін айқындайды;
2. шығарманы уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.

Мұғаліммен амандасады.
Сұрақтарға жауап береді. Сабақтың мақсаттарымен танысады.

Қалыптастырушы бағалау
Оқушылар
дескриптор бойынша 10 баллдық жүйемен бағаланады.


ҚБ: ойыңды толық жеткізе алдың, пікіріңді дәлелдей алдың, пікірің толықтыруды қажет етеді, ойыңды нақты жеткізуге тырыс.

Сілтеме: https://youtu.be/yOTvmdl-ypU.


10-сынып Қазақ әдебиеті
Қоғамдық –гуманитарлық бағыт
Авторлары: Г.Орда С.Дәрібаев
А.Сатылова
«Мектеп» 2019



Сабақтың ортасы:
28 минут

1-тапсырма. Топтық жұмыс.
Тақтаға 3 конверт ілінеді. Оқушылар өздері қалаған конверт тұсына барады. «Конверттегі сұрақ» Үзіндіні оқиды.
1-конверт. «Дүниеге не үшін келдік, бұл неткен әурешілік деген экзистенциалистік сұрақтар әлі күнге дейін мазалайды. Қаламгер басында қайнаған ой оның шығармасында бой көрсетпеуі мүмкін емес. «Жалған дүние» романында да сол философиялық ізденістер лажсыз төбе көрсетті».
(С. Елубай «Тағдыр менің қолыма қалам ұстатты» мақаласынан).
Сұрақ: Экзистенциализм туралы не білесіңдер?
Оқушылар болжам жауаптарын айтады. Содан соң
2-конверттен осы сұрақтың жауабын анықтайды.


2-конверт. Экзистенциалистік сарын. Экзистенциализмнің басты бағдары – адам өмірінің мәні мен мағынасы, жеке тұлғаның өзін тануы, оның болмыспен қарым-қатынасы, адамгершілік құндылықтарға назар аудару.
Сұрақ: Экзистенциализм мәселелері қай кейіпкердің бейнесін танытуда көтерілді деп ойлайсыңдар?
Оқушылар болжам жауаптарын айтады. Содан соң
3-конверттен осы сұрақтың жауабын анықтайды.


3-конверт.Едіге жеңілді. Аяқасты болды. Езілді. Тапталды. Тапталғаны сол, Едіге енді жақын болашақта жазушы ретінде ес жиып, еңсе көтере алмақ емес. Қайта қалам ұстай алмақ емес. Ол анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет