Сабақ үлгілері ( әдістемелік құрал ) АҚтау 2021 «Бекітемін»



бет1/19
Дата25.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#97534
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ


10, 11-сыныптарға арналған жаңа форматты
сабақ үлгілері
(әдістемелік құрал)

АҚТАУ - 2021
«Бекітемін»
Облыстық оқу-әдістемелік және
қосымша білім беру орталығы
кеңесінің шешімі № ___________
__________________ А.Кашкинов
«______» ____________2021 жыл

Құрастырған:
Маңғыстау облысы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері» қауымдастығының үйлестіру кеңесі

Әдістемелік құрал 50 бет.

Рецензия:
Қысқа мерзімді сабақ жоспарлар жинағы – маңызды әдістемелік құралдардың бірі. Бұл жинаққа Маңғыстау облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі мұғалімдерінің сабақ жоспарлары еніп отыр. Жинақтағы сабақ жоспарлар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі 130-бұйрық негізінде жаңа форматқа сай жазылған. Бұл жинақтан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері әдістемелік көмек алуға болады.


«Ұсынылды»
Сараптау комиссия
отырысының шешімі №___
«__» _______ 2021 жыл


КІРІСПЕ

Маңғыстау облысының «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері» қауымдастығының үйлестіру кеңесінің ұйымдастыруымен «10-11 сынып оқушыларына жаңартылған білім мазмұнын игертудегі жаңа форматты сабақ үлгілері» тақырыбында вебинар болып өтті. Вебинар мақсаты – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрыққа негізделген талапқа сай құрастырылған қысқа мерзімді сабақ жоспарын үлгіге ұсыну, өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, шығармашыл, ізденімпаз мұғалімдердің нәтижеге бағытталған іс-әрекеттері арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру. Вебинарда жаңартылған білім мазмұнын игерту 10-11 сынып оқушыларына арналу себебі, біріншіден, аталған сынып оқушыларын жаңа мазмұнмен оқыту былтырғы, 2019-2020 оқу жылында ғана жүзеге асты. Екіншіден, жаңа мазмұнның оқу мақсаттарын оқытуға арналған әдістемелік көмекші құралдар мен үлгілі сабақ жоспарларының тапшылығы себеп болып отыр. Міне, вебинарда көрсетілген қысқа мерзімді сабақ жоспарларының жинағын құрастыру көпшіліктің сұранысын қанағаттандырудан туындап отыр.


Сабақтың басты міндеті - оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Сабақтың нәтижелі, табысты болуы оқу мақсатына жету жолындағы мұғалім ізденісі мен жаңашылдығына байланысты. Орта білім беру мазмұнын жаңартуға арналған оқу бағдарламасында: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады» деп жазылған. Демек, жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту күнделікті сабақта жүзеге асады. Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жасақталады. Сондықтан мұғалімнің әр сабағы Жүсіпбек Аймауытовтың айтуынша, «Сабақ үнемі жаңадан жаңаны табатын – өнер». Бүгінгі өнерлі, білікті мұғалім оқу мақсатына жету жолында күнделікті сабағын шебер құрастырып, қызықты тапсырмалары арқылы бала жанын баурап, өзіне деген сенімділікті қалыптастыра отыра қабілетін ашып, дамыта біледі.
«Қазақ тілі пәні мұғалімдері» қауымдастығы төрағасы: Алдабергенова. З.А.




Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Сактаганова Райса Турсынбаевна





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет