5. Ғ/S формуласымен қандай шама анықталады?
А. Механикалық кернеу
В. Салыстырмалы деформация
С. Қысым
Д. Күш
6. Кернеу жоғалғаннан кейін дененің пішіні мен көлемі қалпына келетін материалдағы ең үлкен кернеу не деп аталады?
А. Серпімділік шегі
В. Күйреткіш жүктеме
С. Беріктік қоры
Д. Ешқайсысы де емес.
7. Заттың қатты күйден сұйық күйге өту процесі
А. Балқу
В. Кристалдану
С. Сублимация
Д. Десублимация
8. Qбал/m формуласымен қандай физикалық шама анықталады?
А. Меншікті балқу жылуы
В. Меншікті жылу сыйымдылығы
С. Меншікті жану жылуы
Д. Меншікті булану жылуы
9. Заттың балқу және қатаю температурасы бірдей температурада өтеді. Бұл температураны қандай температура деп атайды?
А. Балқу темпертаурасы
В. Кризистік температура
С. Заттың балқу нүктесі
Д. Дұрыс жауабы жоқ
10. формуласымен қандай физикалық шама анықталады?
А. Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы
В. Қозғалыстағы денелердің кинетикалық энергиясы
С. Ішкі энергия
Д. Толық механикалық энергия
ІІІ. Жаңа сабақ
Электродинамика – физиканың зарядталған денелер мен бөлшектерінің арасындағы өзара әрекетті іске асыратын материяның ерекше түрі – электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін зерттейтін бөлімі.
е – элементар заряд
е=-1,6·10-19 Кл
Макроскопиялық дене электр зарядына ие болу үшін теріс зарядтың белгілі бір бөлігін онымен байланысқан оң зарядтардан бөліп алу керек. Осы процесті электрлеу деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |