Сабақ Мектеп: №141жббм күні



Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#18590
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ Айгуль





Сабақ

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу.

3- сабақ


Мектеп: №141ЖББМ

Күні: 14.02.20ж

Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулова Айгуль Калиевна

Сынып: 5 « Ә »

Барлық оқушы саны: 24

Қатыспаған оқушы саны:1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу қассиеттерін біледі



Оқушылардың көпшілігі:

- Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу қасиеттерін пайдаланып есептер шығара алады



Кейбір оқушылар:

  • Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді күрделі жағдайлар үшін дұрыс орындайды




Бағалау критерийлері

Ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке бөлу

Тілдік мақсат

Оқушылар ондық бөлшекті натурал санға бөлу алгоритімін түсіндіре алады-

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері

- ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін ... керек;

- ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін ... неше цифр болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифрға жылжыту керек;


Құндылықтарды дамыту

- құрмет (Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім) оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынаста екендігін ұғыну;

- ынтымақтастық (Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім) топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;

- ашықты (Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім) топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу;

- еңбек және шығармашылық (Жалпыға бірдей еңбек қоғамы) берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдай білу;

Бастапқы білім

Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдылары

Пәнаралық байланыс

Информатика,георафия

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, таратпа материалдар,

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Бағалау түрі

Басы

3 минут

Топтық жұмыс
10 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.Олардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарын, шығара алмаған есептерін талдау.

Топқа бөлу (түрлі-түсті қағаздармен топқа бөлу)

ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау

  1. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту

  2. Ондық бөлшектерді ондық бөлшекке көбейту

  3. Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу

  4. Ондық бөлшектерді ондық бөлшекке бөлу

Оқушылар сатыдағы амалдарды пайдалана отырып есептің соңғы нәтижесін айтады.

1-саты 1,6:4:0,2*3:5=1,2

2-саты 1,8:6*0,2:5*100=1,2

Топтар бірін бірі «басбармақ» әдісі арқылы бағалайды



-бөлу,көбейту,амалдарын дұрыс орындады, жауабы дұрыс

-жауабы дұрыс емес

Жұптық жұмыс

10 минут


ІІІ.«Қатені тап»

Жұптағы оқушылар жұмыстарымен алмасып, оларды талқылайды. Олардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады.

1-жұп 1,8+ 10,5:15=0,82 (2,5)

2-жұп 67,2:12 – 3,25=2,35 (2,35)

3-жұп 46,2:132*1,6=5,6 (0,56)


Өзара бағалайды

1.Амалдарды орындау ретін дұрыс анықтайды

2.Бөлу,көбейту,қосу, азайту амалдарын дұрыс орындайды



Жеке жұмыс

12 минут

Оқулықпен жұмыс

№911(1), 912(1) – 1,2 топтар

№911(2), 912(2) – 3,4 топтар


Өзара бағалау
1.Мәтіндік есептің шартын дұрыс құрған

2.Ондық бөлшектерді бөлуді дұрыс орындады

3.Есептің жауабы дұрыс


Соңы

5 минут


Сабақты бекіту

  • Ондық бөлшектерді көбейту және ондық бөлшектерді бөлу амаладрында олардың ұқсастығы қандай?

  • Ондық бөлшектерді көбейту және ондық бөлшектерді бөлу амаладрында олардың ұқсастығы қандай?


ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕР




Рефлексия. Бағдаршам

Қызыл түс- Мен ондық бөлшектерді бөлуді түсінген жоқпын

Сары түс-Мен ондық бөлшектерді бөлуді түсіндім, бірақ әлі де есептер шығарып жаттығуым керек

Жасыл түс-Мен ондық бөлшектерді бөлуді жақсы түсіндім, маған барлығы түсінікті

1. ІІ. Үйге тапсырма №913,914




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет