Бағалау критерийлері
| |
Лексикалық минимум
|
Өзен, көл
|
Грамматикалық минимум
|
Заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздер
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қоршаған ортадағы табиғи байлықты бағалай білуге баулу
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
PowerPoint таныстырылымы
|
Бастапқы білім
|
Өзен
|
Сабақтыңбарысы
|
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
|
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Түйсік» ойыны
Тапсырма: Қатысушы оқушылардың көздері матамен байланады. Олар қорапшадағы заттардың не екендігін және неден жасалғандығын тауып айту қажет.
Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
Қызығушылықты ояту
«Алматы жаңбыры»
Алматыда жел көтерілді
(оқушылар екі қолын көтеріп, қолдарын сермейді);
Жаңбыр тамшылады
(оқушылар саусақтарының ұштарын соғады);
Жаңбыр қатты құйды
(оқушылар білегін сабалайды)
Бұршақ жауды
(оқушылар санын шапалақтайды);
Жаңбыр сіркіреді
(оқушылар білегін сабалайды)
Жаңбыр тамшылары азайды
(оқушылар саусақтарының ұштарын соғады).
(Оқушылар жаттығуды орындайды)
Сабақтың тақырыбын болжау
Сабақтың мақсатымен таныстыру
бас әріптер мен кіші әріптердің байланысын сақтап жазамын;
сөздердің мағынасын ажыратамын.
|
Слайд
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
Мағынаны тану
Жаңа сөздерді меңгерту
ЖЖ «Өзен» мен «көлдің» ұқсастығы мен айырмашылығын ата.
Оқушыларды үш топқа бөліп орындатыңыз (білім деңгейлеріне немесе қабілеттеріне қарай);
Бірінші топ, сөздердің айырмашылығын түсіну үшін оқушылар дәптерлеріне өзен және көлдің суреттерін салады, астына олардың атауларын жазады (дүниетану сабағымен байланыстыру);
Екінші топ, ВЕНН диаграммасын пайдаланып, салыстырады;
Үшінші топ, дайын суреттерді сөйлем арқылы салыстырады;
Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз:
Әр суретті сипаттап айтқызыңыз (көлемі, ұзындығы, атауы, түсі, тереңдігі, дәмі т.б.).
Кері байланыс:«Смайликтер» арқылы жүргізіледі.
1-тапсырма:
(Ұ) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, берілген мәтінді қатесіз көшіріп жаз.
Шарты:
Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жаз.
Қазақстанда 85 мың өзен бар. Ең ұзын өзен – Ертіс өзені. 48 мыңнан астам көлдер бар. Ең терең көл –Балқашкөлі.Ең суы тұщы көл – Марқакөл.
Қажетті сөздер:Қазақстанда, өзен, көлдері, Балқашкөлі, тұщы.
Бағалау:
оқушылар бір-бірінің жұмысын тексеріп бағалайды
Кері байланыс:
Тапсырма немен пайдалы болды?
Сергіту сәті:
Оқушылар жаттығуды экранға қарап орындайды
2-тапсырма:
(Ж)Заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажырат.
Сөздер:ұзын, терең, көл, мөлдір, таза, ағады, үлкен, ащы, тұщы, тайыз, лай, тұнық, өзен, су, тасиды, ішеді.
Кім? Не?
|
Қандай?
|
Не істейді?
|
|
|
|
Дескриптор:
сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.
Дифференцация:
Қабілеті орташа оқушы:
сөздерді мағынасына дұрыс қолданады.
Қабілеті жоғары оқушы:
сөздерді мағынасын ажыратады және олармен сөйлем құрастырады.
|
Слайд
https://www.google.kz/search?q=өзен,+көл+суреттері&rlz
https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия
«Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.
Жасыл түсті алма– мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.
Қызыл түсті алма– мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Бағалау
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.
Үй жұмысы
Қазақстандағы ең үлкен көл, өзен туралы ақпарат дайында.
|
Слайд
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |