Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, бейнеролик, оқу құралдары, плакаттар, бағалау кестесі.
Пән аралық байланыс: «Тағам дайындау технологиясы», «Биология», «Тамақтандыру кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру».
Пайдаланылған оқулықтар мен әдебиеттер тізімі: 1 Гаврилова Н. Б. Гигиенические основы питания и контроля качества пищи. Учебное пособие. – Семипалатинск: ГУ «Семей». 1998 – 181 с.
2 Позняковский В. М. Гигиенические основы питания, безопасность и экспертиза продовольственных товаров: Учебник. 2-е изд., испр. и доп. – Новосибирск: Изд-во Новосиб. ун-та, 1999. – 448 с.
3 Ахатнова В. М., Романова Е. В. Гигиена питания. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2000. – 384 с.
І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Емдік тамақтану бойынша өткен тақырыпқа пысықтау жүргізу: «Жасырын жәшік» атты ойын-сұрақ Зат алмасу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі а) Студенттермен амандасу;
ә) Студенттерді тізім бойынша түгендеу;
Бүгінгі сабағымызда «Микроорганизмдер туралы түсінік, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері» тақырыбы берілген, яғни біз бүгінгі сабақта микроорганизмдер туралы жалпы түсінік береміз және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастырамыз.
Бүгінгі сабақта топты шағын екі топқа бөлеміз.
1 топ «Зерттеушілер» тобы
2 топ «Танушылар» тобы
Студенттерді бағалау топтық бағалау балл бойынша әр кезеңмен бағаланып қорытынды баға шығарылады.