«Сөйлемді жалғастыр» Берілген суреттер бойынша әр студент өз ойларын айтып, сөйлемді дұрыс жалғастыру қажет.
1. Микробтар тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда ... (голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан.)
2. Микробтар құрылысы жағынан айырмашылығы ... (екі типке бөлінеді, эукариоттар және прокариоттар болып.)
3. Микроорганизмдердің басым көпшілігі ... (бір клеткалы организмдер.)
4. Автотрофтар деп ... (өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдалатын бактериялар)
5. Ауксотрофтар деп ... (амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайтын бактериялар)
6. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы ... (Микробиология ғылымы)
«Тағам дайындауда микроағзалардың рөлі»
Әрбір топ сүтқышқылды бактерияларды пайдаланып сүтқышқылды өнім дайындап келеді.
1 топ ашықтқы ретінде майлы айран (ряженка) пайдаланып дайындайды
2 топ ашытқы ретінде айран пайдаланып дайындайды.
Дегустация жасау бойынша 2 топтың өнімдеріне органолептикалық баға беріледі.
VI. Қорытынды «Біз не білдік?» студенттер өткен тақырып бойынша өз пікірлерін білдіреді.