БҚ1 Оқыту. Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, мобильдік құрылғыларды атау және олардың негізгі компоненттерін білу;
БҚ2 Этика және кәсіпқойлық. Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілімнің қол жетімділігін түсіну;
БҚ3 Шағын топтардағы жұмыс жағдайында ақпараттық технологияларды тәжірибеде қолдану;
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу, түсіну, қолдану
Сабақ мақсаты
Білім алушылардың барлығы:мобильдік құрылғылардың атауларын және сипаттамасын бере алады;
Білім алушылардың басым бөлігі: аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілімнің құрылымын салыстырады, талдайды;
Білім алушылардың кейбірі:мобильді құрылғылардың ОЖ жіктей алады
Бағалау критерийлері
Мобильді құрылғылардың компоненттерін сәйкестендіреді, салыстырады, талдайды
Өлшем шарт: «Бағдаршам», «Басбармақ»
Тілдік мақсаттар мен дағдылар
Мобильді құрылғылар сипаттамасының теориялық тұжырымдамаларын анықтай отырып, текстен негізгі ойды түртіп алу (жазылым) арқылы көзбен шолу (оқылым) жасайды, одан әрі сабақ соңында «QR-код» буклетін қолданып, өзінің пікірін ауызша түрде ұсына алады (айтылым, тыңдалым)
Үш тілділік: Мобильді құрылғы- мобильное устройство-mobile device
Аппараттық жасақтама- аппаратное обеспечение-hardware
Программалық жасақтама-программное обеспечение-software
Смартфон-смартфон-smartphone; планшет-планшет-tablet device; электронды кітап-электронная книга- e-book; ноутбук-ноутбук-notebook
Құндылықтарға баулу
Мейіргерлік көмек көрсету үрдісінде пациенттермен жұмыс жағдайында қолданылатын аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілімнің тиімділігіне баулу
Пән аралық байланыс
Жаратылыстану-математика, гумманитарлық, техникалық пәндерден алған білімдерін пайдаланамын