Сабақ модуль Философияның пайда болуы және дамуы


С.Кьеркегордың діни философиясы



бет2/3
Дата18.11.2023
өлшемі28,27 Kb.
#124472
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сабақ модуль Философияның пайда болуы және дамуы-emirsaba.org

2. С.Кьеркегордың діни философиясы
Кьеркегор Серен (1813-55)-лат. Діни философы, экзистенциализмнің ізашары. Нем. романтизмін басынан кешірген К. кейіннен өзі «эстетикалық» деп аталған романтикалық ой-пиғылға да, нем. идеялистерінің, ең алдымен Гегельдің философиясына да қарсы шықты. К. Гегельді жалпылық тұрғысынан – адамзат, халық. мемлекет тұрғысынан пайымдайтын, жеке адамдық негіздің онтологиялық маңызын жоққа шығаратын спекулятивтік философтар мектебінің басшысы ретінде сынға алды.К. бойынша, Гегельде орын алғанындай, қоғамды түпкі бекет деп қабылдайтын философия тұрғысынан түсіну мүмкін емес, өйткені бұл орайда жеке адамның негізін құрайтын мәнінің өзі – оның экзистенциясы жоғалады. К. бойынша, шынайы философия тек қана «экзистенциалды », яғни, мейлінше жеке сипатты болуы керек. Осы себепті К. «философияға салынудың ғылыми әдісін» бейнесіз деп бекерге шығаруға тырысады. Адамды «окзихтенция» ретінде қарастыра келіп, К. оның «болмыстық, онтологиялық құрылымына» талдау жасайды, бұл орайда кейіннен экзистенциалистер дамытқан «үрей», «түңілу», «батылдық» және т.б.сияқты ұғымдарды енгізеді. Сонымен бірге К. жеке адамның өмір сүруінің үш тәсілін, яғни экзистенцияның үш үлгісін: эстетивалық, этикалық және діни үлгілерін анықтайды, бұлардың соңғысы олардың ішіндегі ең жоғарғысы деп санады. К-дің діни ілімінің аса маңызды категориясы-«оғаштық» категориясы. К. бойынша, құдайлық дүние мен адамдық дүние. принципті салыстыруға келмейтіндіктен наным логикалық ойлаудан бас тартуды қажет етеді және адам логикасы мен этикасы тұрғысынан алғанда «оғаштықтар», қисынсыздықтар аясына апарып соғады. К. осы екі саланы «біріктіруге», оларды ымыраластыруға тырысқан әрекеттің барлығын қатаң айыптайды: К. өмірінің соңғы кезеңінде ресми шіркеуден арадағы жанжал содан туындады. К. идеялары экзистенциализмнің негізі болып қана қойған жоқ, оның діни ілімі К. Барттың диалект. Теология дейтініне де, сондай-ақ басқа да көптеген протестант және католик философтарға ықпал жасады.


3.А.Шопенгауэр философиясы
Неміс философиясының идеалистік бағытының өкілі – Артур Шопенгауэр болып табылады.Ол әсіресе көңілін тарихмлыққа көп бөлген. Оның ойынша тарихилық, диалектика, әсіресе Гегельдің панлогизмі сынға ұшырайтын мәселелер болып табылған және ол осы ұғымдарға қарсы шыққан.Ол Кант ойларына бет бұрып,платонизмді және волюнтаризмді кантшылдықпен байланыстырады.Шопенгауэр өз еңбектерінде көбінесе еріктілікке тоқталған.Ол философияның негізі,арқауы бастамашылық принципі болады деген.Шопенгауэр өзінің «Ерік және түсінік ретіндегі әлем» кітабында ерікке мынадай анықтама берген болатын:ерік – абсолютті бастама,яғни, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың тамыры,қайнар көзі мен түп негізі.Оның ойынша сана қалыптасу үшін ең алдымен түсініктің өзі қалыптасу қажет. Оның бұл идеясы философияның өзі материалистер мен идеалистердің объектісі мен субъектісінен емес санадан қалыптасу керек деген ойдан алған. Ал сана қалыптасу үшін ең алдымен жоғарыда айтып кеткендей түсініктің қалыптасуы шарт деп есептеген.Шопенгауэрдың еңбектерінде объектінің жалпы пішіні заңға негізделуі тиіс және ол заң міндетті түрде дәйекті болуы керек. Ондай заңдарға:
1)болмыс заңы;
2)себептілік заңы;
3)логикалық негіз заңы;
4)мотивация заңы.
Шопенгауэр еңбектерінде романтизмге де үлкен назар аударған. Сол сияқты, мистикаға да қатты қызығып,көңіл бөлген.Алайда Артур Шопенгауэр еңбектері арқылы елге пессимист философ ретінде танымал болған.Себебі ол біздің әлемді өмірдегі барлықәлемдердің ішіндегі ең жаманы деп санаған.
Оның негізгі еңбектері:
1)Дүние ерік пен елес;
2)Табиғаттағы еріктілік;
3)Этикалық проблемалардың бағыттары;
4) Parerga und Paralipomena;
5)Негізгі афоризмдер жүйесі және т.б
Артур Шопенгауэрдың танымал еңбектерінің бірі «Дүние – ерік пен елес» болып табылады.Ол еңбегінде Шопенгауэр дүниені бір елес ретінде қабылдаған және оны абстрактылы түрге тек адам ғана жеткізе алады деген.Осыған байланысты адамда философиялық көзқарас пайда болады. Жоғарыда айтып кеткендей,ол волюнтаризмнің жақтасы болып табылады.Ол адамдардың көзіне көрінбейтін қиыншылықтарды,қайғы мен азапты айқындап көрсетіп берді.Оның ойынша адам өмірі қайғы мен азапқа,әділетсіздікке,күмәнділікке және сол сияқты қиыншылықтарға толы деп айтқан болатын. Дүние деген менің менің елесім әрбір жанды, әр тіршілік иесі үшін күшін жоғалтпайтын ақиқат, тек адам ғана оны рефлективті абстрактілі деңгейіне көтере алады. Сонда ол: оның жерді де, күнді де білмейтіні, тек жерді ұстайтын қолы, күнді көретін көзді ғана білетіні. Бұл кітапта тек көрсетілген жағынан ғана елес екендігін көре аламыз. Бұл көзқарас қаншама дұрыс болғанымен, кездейсоқ абстракциядан туындағанын, мұны дүниені елесі деп қабылдауға деген әркімнің іштей қарсылығы. Екінші жағынан, ол ешқашан мұндай болжаудан арыла алмайды.
Артур Шопенгауэр «Әр адам жалғыз қалған кезде ғана шынайы бейнесін ашады.» деп өз ойын айтып кеткен болатын. Яғни адамдардың барлығы немесе барлығы болмаса да көбісі писсимистік көзқарас ұстанады деп ойлаған. Тек олар заман ағымына немесе басқа адамдардың ықпалында оптимистік көзқарасты ұстанады деген. Алайда күмәнді ойлар мен азапқа толы адам жаны жалғыз қалған кезде ғана шынайы бейнесін ашады деген екен. Бірақ сондай болғанның өзінде адам әр уақытта жалғыздықты сүйеді ,себебі жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді деп жазып кеткен болатын.Оның ойынша,жалғыздық бізді көпшілікке тәуелсіз етеді деп айтқан. Соған сәйкес егер адам басқа адамның ойына тәуелді болған жағдайда өз ойын қорыта алмайды. Алайда шектен тыс жалғыз қалған адам үлкен зиян шегуі де мүмкін деп есептеген.Ол бойынша жалғыздық еріктіліктің бастамасы,а ерік:
- Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және ықпал етуге қабілетті күш.
- Ерік – тіршілік негізіндегі космостық күш.
- Ерік – сана негізіне жатады, заттардың жалпы мәні болып табылады. Әр адамның еркі оның әрекеттерін анықтайтын сиқты, бүкіл әлемнің еркі қоршаған ортының құбылыстарын анықтайды.
- өлі тaбиғaттың да «бейсaнaлық», «қaлғып жaтқaн» еркі бaр;
- - дүние – еріктің жүзеге асуы.

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты деп айтқан да Артур Шопенгауэр болған еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет