Тақырып 2.13 Ұрпақтар теориясы: қазіргі мектеп оқушыларын тәрбиелеу және оқыту ерекшеліктері. Оқытуды саралау және даралау
Оқыту нәтижелері:
оқу тәрбие үдерісінде оқушылармен өзара әрекеттесу үшін ұрпақтар теориясының практикалық жұмысын ескереді және қолданады;
білім беру үдерісінде саралау және даралау әдістерінің мысалы мен амалдарын пайдаланады.
Сабақтың сценарийі
С1 кезеңі. Байланыстыру
«Белгілеңіз» әдісі. Тыңдаушыларға суреттері бар слайдтар ұсынылады.
Тапсырма. Суреттер бойынша тақырыпты, сабақтың түйінді тұстарын анықтаңыз.
«Мен білемін, ол...». Сабақтың тақырыбын және күтілетін нәтижелерін айтқан соң, тыңдаушылар тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі.
С2 кезеңі. Теория
Проблемалық сұрақ. Тыңдаушылар «Шамамен бір уақытта туылған және бір оқиғаларды басынан өткерген адамдардың ұқсастықтары қандай?» сұрағын талқылайды.
Интерактивті дәріс жоспар бойынша:
Ұрпақтар теориясының мәні.
Білім беру үдерісіне қатысушылармен тиімді өзара әрекеттестікті іске асыру және практикалық жұмыста қолдану үшін ұрпақтар сипаттамасы.
Дәріске арналған материал.
Адамдардың ұрпақтары орасан көп. Өз шежіреңді құрастыра отырып, мұны тексеруге болады. Алайда Сонымен қатар X, Y, Z, бэби бумерлерге және альфаға, уақыт кезеңдерінің көптеген басқа өкілдеріне қатысты және жыл бойынша есептелетін ұрпақтардың бірегей теориясы бар.
Ұрпақтар теориясы – бұл нақты ерекшеліктермен байланысты адамзат тарихындағы белгілі бір уақыттық циклдардың нақты сипаттамасы. Ол сондай-ақ белгілі бір уақыт аралығында дүниеге келген адамдардың көзқарастарын болжайды. Мұндай теорияны білу әріптестермен, ересектермен немесе ұрпақтармен қарым-қатынас жасау үшін пайдалы болады.
Бұл теория өткен ғасырдың 90-жылдарының басында құрылды. Онымен 2 американдық ғалым мұқият жұмыс істеді: Нил Хоу және Уильям Страус. Егер осы теорияға сүйенетін болсақ, онда әрбір 20-25 жылда басқа адамдардан күрт ерекшелендіретін өз мінез-құлық белгілері, ерекшеліктері мен әдеттері бар жаңа ұрпақ туады, бірақ содан кейін олар болашақ ұрпақта қайталанады. Ғалымдар XV ғасырдың 30-жылдарынан бастап әрбір ұрпаққа өз есімдерін беріп, нақты сипаттама бере алды..
Осы теорияға сәйкес:
1) Орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жасты құрайды және ~ 20 жылға созылатын төрт кезеңнен тұрады: балалық шақ → жастық → орта жас → кәрілік;
2) Ұрпақ - бұл 20 жылда бір туатын адамдар жиынтығы: Беби-бумерлер → X ұрпақтар→ Y ұрпақтар → Z ұрпақтар.
3) Әр ұрпақ 4 өзгерістен өтеді:
Өрлеу → Ояну → Құлдырау → Дағдарыс.
Егер сіз осы теорияны ұстанатын болсаңыз, онда соңғы төрт ұрпақтың заманауи адамдары біртұтас отбасын білдіреді:
Ең кішкентай ұл Арман – Z ұрпақ;
Арманның үлкен әпкесі – Y ұрпақ;
Арманның әкесі –Х ұрпақ;
Арманның әжесі – Беби бумер ұрпағы.
Ұрпақтардың барлық қолданыстағы теориялары салыстырмалы.
Авторлардың еңбектері кеңінен таралғанына және мойындалғанына қарамастан, теория академиялық ортада әртүрлі тәсілдермен қабылданды: кейбіреулер «батыл және бірегей мәлімдемеге» таңданды, басқалары ұрпақтар теориясын сынады.
Соңғылар нақты эмпирикалық деректердің кемшіліктеріне назар аударды, сонымен бірге авторларды ұрпақтар арасынағы нақты айырмашылықтарды әсерлеңкіреп жіберді деп айыптады.
Бейнеролик. Бейнероликті тыңдаңыз. Өз ұрпақтарыңыздың сипаттамаларын жазыңыз.
Кестені талдау. Топтар ұрпақтарға бөлінеді: беби-бумерлер, Х ұрпақтар, Y ұрпақтар, Z ұрпақтар.
Тапсырма.
«Ұрпақтар теориясы» кестесін талқылаңыз да, тапсырманы орындаңыз:
1) Негізгі құндылықтар мен идеяларды тұжырымдап, ұрпақ ретінде өзіңізі сипаттаңыз.
2) Оқушылардың ұрпағын сипаттаңыз: олардың құндылықтары, мінез-құлқы, өмір салты және т.б.. (интернет көздерін, қосымша дереккөздерді пайдалануға болады).
3) Ұрпақтар теориясының білімін тәрбиелеу мен оқыту үдерістерін тиімді ұйымдастыру үшін қалай пайдалануға болады?
Ескерту: кесте ресейлік ғалымдардың Ресейге бейімделген нұсқасында берілген, өйткені Қазақстанның жағдайына жақынырақ.
«Беби-бумерлер ұрпағы»
|
Пайғамбар
|
1943–1962
|
Өрлеу дәуірі (1945-1964 жж.) Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы, Кеңестік жылымық, ғарышты бағындыру, КСРО-әлемдік супердержава, қырғи қабақ соғыс, бірінші пластикалық операциялар және бала көтертпейтін дәрі-дәрмектепр, мектептердегі бірыңғай оқыту стандарттары мен кепілді медициналық қамтамасыз ету, рок-музыка
|
«Х ұрпақ»
|
Жиһангер
|
1963–1981
|
Ояну дәуірі немесе тұрақтылық (1964-1985 жж.)
Қырғи қабақ соғыстың жалғасуы, қайта құру, есірткі, ЖИТС, Ауғанстандағы соғыс, гранж
|
«Y ұрпақ»
|
Батыр
|
1982–2000
|
Құлдырау дәуірі (1985-2003 жж.)
КСРО-ның ыдырауы, терактілер мен соғыс қақтығыстары, атипті пневмония, сандық технологияның дамуы, мобильді телефондар және интернет
|
«Z ұрпақ»
|
Суретші
|
2001+
|
Дағдарыс дәуірі (2004-2024 жж.)
Интернеттің дамуы, смартфондар, көпшілік тұтыну өнімдері, Әлемдік экономикалық дағдарыс, жаппай митингілер және билікке қарсы наразылық, феминизм мен маскулизмнің жаһандануы, COVID-19 пандемиясы
|
Жұмыстарды қорғау және бағалау. Топтар өз жұмыстарын қорғайды. Дескрипторлар бойынша өзара бағалау:
негізгі құндылықтар мен идеяларды тұжырымдау арқылы ұрпақты сипаттайды;
|
5 балл
|
оқушылар ұрпағын сипаттайды: олардың құндылықтары, мінез-құлық үлгілері, өмір салты және т.б.
|
5 балл
|
Білім алушылардың құзыреттілігін қалыптастыру жағдайында білім беру технологияларын интеграциялау. Ұрпақтар теориясы. https://kasipkor.kz/wp-content/uploads/2022/07/5-%D0%BC%D0%BE%D0%B4%D1%83%D0%BB%D1%8C.pdf (Портфель 2.13)
Достарыңызбен бөлісу: |