Сабақ сценаийі С1 кезеңі



бет1/27
Дата26.06.2023
өлшемі133,1 Kb.
#103421
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Задания к тексту курса


Ұзақтығы: 2 сағат
Оқыту нәтижелері:
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарында орта білім беруді дамытудың негізгі үрдістері мен бағыттары туралы хабардар екендігін көрсетеді;
білім саласындағы мемлекеттік саясатты негіздей алады;
тұрақты даму үшін білім берудің мақсаттарын түсіндіре алады.
Сабақ сценаийі
С1 кезеңі. Байланыстыру
«Бұлттағы сөздер» әдісі. Тыңдаушылар түйінді сөздер арқылы сабақтың мақсатын анықтайды: сапалы білім беру, білім мазмұнын жаңарту, кәсіби стандарт, тұрақты даму. «Миға шабуыл» әдісі: тыңдаушылар өз пікірлерін негіздей отырып, қазіргі білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын құрайтын негізгі үрдістерді анықтайды. 
С2 кезеңі. Теория
«Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат» интерактивті дәрісі: тренер білім беру саласындағы мемлекеттік саясат туралы презентация жасайды, ол тыңдаушыларды диалогқа бағыттайтын сұрақтармен сүйемелденеді.
Дереккөздерді топтық талқылау: «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының негізгі міндеттері мен бағыттарын анықтау.
Оқушылар ұлттық жобаның негізгі бағыттарын, мақсатын, міндеттерін ментальды картада көрсетеді:
Бірінші міндет – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасының екінші міндеті – орта білім берудің сапасын аттыру. Атап айтқанда, өңірлер, қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту (PISA). Ұлттық жоба аясында оқушылардың білім сапасының алшақтығын азайту бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады. Ұлттық жоба аясында 12 жылдық білім беруге көшу жоспарлануда.
Үшінші міндет – мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету.
Төртінші міндет – қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік білім беруді қамтамасыз ету.
Бесінші міндет – қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000726 
«Педагог» кәсіби стандартын топтық талқылау:
Педагог кәсіби стандарты не үшін қажет?
Кәсіби стандарт мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуына қалай әсер етуі мүмкін?
Кәсіби стандарт елдегі білім сапасына қалай әсер етеді?
Кәсіби стандартты қандай салаларда қолдануға болады?
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200031149


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет