С3 кезеңі. Нақты тәжірибе Шоғырландырылған әңгіме. Шоғырландырылған әңгіме: тыңдаушылар топтарда тұрақты даму үшін білім беру мақсаттарын зерттейді, «Трансверсалды құзыреттер» кластерін құрады.
Әрбір топтың постерлерінің таныстырылымына басқа топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс беріп отырады».
Тұрақты даму үшін білім беру (ТДБ) Жер ғаламшарының барлық тұрғындарының сапалы өміріне қатысты кең проблемалардың негізгі бөлігі болып табылады. Мектеп мұғалімінің міндеті – мектепте оқытылатын қызмет салаларында ендірілген, ТБД негізінде жатқан тұжырымдамалар мен принциптерге сәйкес келетін алғышарттар мен ұсыныстарды ашу және зерттеу. Ол негізгі білім беру сапасын арттыруды, білім беруді ББ-ға қайта бағдарлауды, қоғамның хабардарлығын арттыруды және қоғамның барлық салаларында кадрларды даярлауды қамтиды.
Тұрақты даму мақсаттары күрделі және оларға қол жеткізу үшін адамдарда білім, білік және дағды (құзыреттіліктер) жиынтығы болуы керек. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу құзыреттері «Трансверсалды» (ЮНЕСКО-ның Бангкоктегі офисі) деп аталады.
Тұрақты даму үшін білім беруді қолдау жұмысы басталуы тиіс қызметтің төрт негізгі бағытын талдау:
негізгі білімді жетілдіру;
бүгінгі білім беруді тұрақты даму мәселелеріне қайта бағдарлау;
тұрғындардың ақпараттылығын кеңейту және тұрақтылық мәселелерін түсінуін тереңдету;
бизнесті, өнеркәсіпті және үкіметті қоса алғанда, қоғамның барлық секторларында кадрларды дайындауды қамтамасыз ету.
https://ru.unesco.org/themes/obrazovanie-v-interesah-ustoychivogo-razvitiya-0 С4 кезеңі. Қорытынды «Чемодан» стратегиясы: Оқытушы тыңдаушыларға «жолға»-алдағы кәсіби жолға чемодан жинауды ұсынады. «Заттар» – 21 ғасыр дағдыларын дамыту үшін қажет болатын тілектер, кеңестер, сапалар.
Рефлексия үшін тыңдаушыларға Linoit тақтасына сілтеме беріледі.
Презентация. Тема 1.1 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық құжаттарындағы орта білім беруді дамытудың негізгі үрдістері мен бағыттары. Тұрақты даму мүддесіндегі білім беру мақсаттары
Тақырып 1.2 ХХІ ғасыр мұғалімінің басқарушылық және инновациялық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік аспектілері. Заманауи мұғалімнің Soft-Skills құзыреттілігін дамыту
Оқыту нәтижелері:
мұғалімнің басқарушылық және инновациялық қызметіндегі психологиялық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік аспектілері туралы хабардарлығын көрсетеді;
педагогтің тұлғалық дамуындағы Soft-Skills құзыреттілктерді білетіндерін көрсетеді.
Сабақ сценарийі
С1 кезеңі. Байланыстыру
«Ойлан – ұсын» әдісі. Сұрақты талқылау:
- ХХІ ғасыр педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың қандай негізгі қарама-қайшылықтары мен проблемаларын атар едіңіз?
«Педагог» кәсіби стандартына және аттестация талаптарына сүйене отырып, ШЖМ педагогінің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру белгілерін топтарда әзірлеңіз. Кестені толтырыңыз:.
Ішкі кәсіби
Сыртқы кәсіби
Кәсіби жетілуге қажеттілік
Қойылған кәсіби мақсаттарға жету
…………………..
…………………..
С2 кезеңі. Теория
«Бөлу» әдісі. Тыңдаушыларға берілген шарттарды екі бағанға бөлу ұсынылады. Таңдау негізделеді.
Педагогикалық
Психологиялық
Педагогикалық шарттарға:
белсенділік пен шығармашылық белсенділіктің көрінуіне жағдай жасау;
әрбір адамның функционалдық сауаттылықты меңгеруін қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру;
тұлғаның өмір бойы үнемі өзіндік білім алу жұмысына дайындығын қалыптастыру мақсатында зияткерлік еңбек мәдениетін тәрбиелеу;
даралау және саралау, кәсіби білім беру және әр түрлі білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы тұлға тәрбиесін басқару принципін жүзеге асыру;
жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениет нормаларына, этникалық мәдениеттер бірлігіне негізделген тәрбиемен бірлікте тәрбиелеу;
ең алдымен отансүйгіштік, рухани-адамгершілік бағыттылығын ескере отырып, оқушылардың тәрбиелік іс-әрекетінің түрлері мен формаларын кеңейту;
оқушылардың кәсіптік бағдарлануына жағдай жасау.
Психологиялық шарттар:
оқушылардың зияткерлік саласы дамуының жас және жеке ерекшеліктерін ескеру;
әрбір тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы және өзін-өзі өзектендіруі үшін жағдай жасау (білім берудің жеке траекториясын таңдау);
оқушылардың оқуға деген ішкі уәжін қалыптастыру және дамыту, жағымды эмоционалды атмосфераны құру әдістерін қолдану, оқушылардың шамадан тыс қобалжуын жеңу;
әлеуметтік-психологиялық қызметтердің, білім беру қызметі субъектілерінің, отбасы мен қоғам қызметінің өзара әрекеттестігі.
Осылайша, психологиялық-педагогикалық жағдайларды ескеру қолайлы әлеуметтік-психологиялық ортаны құруға және оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына ықпал етеді.
С3 кезеңі. Нақты тәжірибе
6 топтағы жұмыс. Топтарда soft skills-ті сипаттаңыз:
коммуникативтік дағдылар, өзін ұйымдастыра білу дағылары, креативті дағдылар, сыни ойлау, ақпаратпен жұмыс істей білу, стресске төзімділік. «Әткеншек» әдісі бойынша тыңдаушылар бір-бірінің ментальді карталарын тексереді де, кері байланыс береді.
Soft skills – кәсіби дағдылармен байланысты емес, бірақ адамдармен жұмыс істеу және өмірлік міндеттерді шешу үшін аса пайдалы «жұмсақ» немесе «икемді» дағдылар. Қаншалықты жақсы маман болсаң да, «адами» қасиеттер болмаса, мансапта табысқа жете алмайсың. Soft skills термині әріптестермен, бастықтармен, тұтынушылармен ортақ тіл табу, икемді болу, кез келген жағдайға бейімделу қабілеті ретінде түсініледі. Жұмсақ дағдылар бізде бала кезден қалыптасады, олар эмоционалды зиятпен байланысты деп саналады. Soft skills өмір бойы өмірлік тәжірибе жинақтау үдерісінде дамиды, ал тренингте немесе курста белгілі бір қасиеттерді меңгеру өте қиын. Сондықтан жұмыс берушілер икемді қасиеттері бар қызметкерлерді ерекше бағалайды.
ШЖМ мұғаімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру бойынша әдістемелік ұсынбалар. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2020. – 96 б. (Портфель 1.2) Қауіпсіз білім беру ортасын ШЖМ жағдайында ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 160 б.(Портфель 1.2) С4 кезеңі. Қорытынды.
Қорытынды жасау. Рефлексия. Тыдаушылар жұмысының нәтижелерін өзіндік бағалау.
Тыңдаушылар орындалған жұмыстың нәтижелерін әр түрлі позициядан бағалайды:
Мен
Қалай жұмыс істедім, белсенді болдым ба? Тапсырманы орындауға қандай үлес қостым?
Біз
Бірге қаншалықты тиімді жұмыс істей алдық? Бірлескен талқылауда неге қол жеткіздік?