Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 160 б. (Портфель 2.5) Шағын жинақталған мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 428 б. (Портфель 2.5) https://uba.edu.kz/ru/metodology/3?page=8 «Зерделе, түсіндір». Топтағы тыңдаушылар сілтемелердегі материалға сүйене отырып, сұрақтар бойынша мазмұнды өз бетінше талдайды:
Заманауи ШЖМ-де оқу үдерісін ұйымдастыру шарттары.
Біріктірілген сынып-жинақтарда сабақты ұйымдастыру қағидаттары.
Шағын жинақталған мектепте сабақты ұйымдастырудың жалпы талаптары: санитарлық-гигиеналық, психологиялық-физиологиялық, дидактикалық, тәрбиелік.
Біріктірілген сыныпта оқу үдерісін ұйымдастыру.
Постер құрастырады.
Замануи ШЖМ-да оқу жұмысын ұйымдастыру шарттары.
Шағын жинақталған мектепте ұйымдастырушылық жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Оқу жұмысын жаңа жүйе бойынша ұйымдастыру шарты, жалпы алғанда:
- оқу бағдарламаларына сәйкес сабақты жоспарлау;
- бір тақырып бойынша бірнеше сыныптардың оқу материалын жүйелендіру;
- көрнекі дидактикалық құралдарды алдын-ала дайындау;
-сабақ тақырыбының өзара байланысы;
- сыныптарды жинақтарға дұрыс біріктіру;
- сабақ кестесін дұрыс құру;
- оқуытудың тиімді әдістерін таңдау;
- сабақтың мақсатты құрылымын анықтау;
- оқушылардың өздік жұмысын мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жұмыспен кезектестіру;
- мұғалімнің жұмыс формасын 4-5 рет ауыстыруы;
- барлық сыныптарда тәрбие үдерісін жүргізу және т.б.
Біріктірілген сынып-жинақтарда сабақты ұйымдастыру қағидаттары.
Табиғи сәйкестілік қағидаттарын түсіну-тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалады да, ақпараттар ұлғайып отырады: жеңілден күрделіге қарай, спиарльділік.
Әрбір оқушыны дамыту мақсатында дамыта оқыту қағидатын қолдану.
Білім беру үдерісін кешендік-тақырыптық құру қағидатын қолдану.
Даралау және саралау қағидаттары әр түрлі жастағы оқушылардың оқу жұмысы тәсілдерінің жалпы мазмұнына сәйкес іріктелуімен тұжырымдалады; әрбір сынып үшін сабақтың топтық және жеке формалары таңдалады, оқу материалы мазмұнының ерекшелігі ескеріледі.
Жас ерекшеліктеріне және білім беру мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру салаларын біріктіру қағидаты.
Оқу жұмысын педагогизациялау қағидаты. Ересек оқушылар кіші жастағы сабақ береді, үй тапсырмасын сұрайды, тапсырмалар бойынша кеңес береді. Мұғалім жоғары сынып оқушыларын кіші сынып оқушыларымен жұмысқа оқу үдерісін ұйымдастырушы ретінде дайындайды.
Өзара оқыту қағидаты әрбір оқушы білім алушы және білім беруші қызметін атқара алатындығында тұжырымдалады.
Әр түрлі жастылық пен әр түрлі деңгейлілік қағидаты – әрбір оқушы өз қабілеттері, еңбексүйгіштігі мен қызығушылығына сәйкес алға жылжитын жоғары тиімділік және табиғи жалпы ынтымақтастықтың маңызды шарты.
Шағын жинақталған мектепте сабақты ұйымдастырудың жалпы талаптары: гигиеналық, психологиялық, дидактикалық, тәрбиелік.
ШЖМ-да сабақты ұйымдастырудың жалпы талаптарының кез-келген мектептің талаптарынан айырмашылығы жоқ.
Сабақтарға қойылатын гигиеналық талаптар:
- температуралық режимнің, жарықтандыру нормаларының сақталуы;
- мұғалім оқушылардың физикалық, ақыл-ой тұрғысынан шаршап қалмауын қадағалауы тиіс;
- оқу жұмысында біртектілік болмауы тиіс, тыңдалым практикалық жұмыспен кезектесіп отыруы тиіс;
- жиһаздың оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
- мұғалім әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерделеп, сабақта ескеріп отыруы тиіс: оның ойлауы, жадысы, тану, еске түсіру, жаттау, қайта жаңғырту, көңіл аудару, елестету, ерік-жігер;
- мұғалім мен оқушылардың психологиялық жағдайы сабақтың нәтижесіне әсер етеді, сондықтан мұғалім сабақтағы келеңсіз жағдайды болдырмау үшін өзін-өзі ұстай білу және өзін-өзі бақылай білуімен ерекшеленуі керек;
- сабақ нәтижелеріне оқушылардың білім, білікке көзқарасы әсер етеді. Ол оқу уәжі мен басқа да факторларға байланысты болады, сондықтан мұғалім уәжді басқара білуі, жағымды уәждерді қолдай білуі, білімге қызығушылығы мен қажеттіліктерін қалыптастыра білуі тиіс;
- барлық талаптар ақылға қонымды, тексерілген, оқушыларға қолжетімді болуы керек, олар бұл талаптардың қажеттілікке байланысты екеніне сенімді болуы керек.;
- мұғалім оқушылардың әрбір талапты дұрыс, тиянақты және уақытылы орындауын бақылайды, мұның барлығы педагогикалық әдептілікпен және балаларға деген құрметпен үйлесуі керек:
- сабақты нақты ұйымдастыру, әр минутты ұтымды пайдалану;
- оқушыларға сабақтың мақсаты мен нақты міндеттерін дұрыс қою;
- бұл талаптар жақсы ойластырылған тақырыптық және сабақты жоспарлау негізінде орындалады;
- сабақтың әрбір элементі/құрылымы – бұл міндеттің жалпы дидактикалық мақсаттарына жетудің белгілі бір қадамы;
- сабақтың /құрылымы оның әдістемесімен байланысты болуы тиіс, ол икемі болуы тиіс және әдістердің сабақ нәтижелеріне қалай әсер ететін ескеру керек;
- балалардың сабақта танымдық белсенділігін қамтамасыз ету, сөздік-көрнекі, практикалық әдістерді проблемалықпен оңтайлы үйлестіру;
- осы сабақтың алдыңғымен байланысы;
- оқушыларды іс-әрекеттің жаңа тәсілдерімен қаруландыру;
- олардың негізінде білім мен біліктерді қалыптастыру;
Сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптар:
Тәрбиелік талаптар «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы, «Рухани жаңғыру» және «Туған ел» бағдарламасының міндеттеріне негізделеді.
- ғылыми дүниетанымын, Отанға деген сүйіспеншілігін, жоғары адамгершілік қасиеттерін, еңбексүйгіштігін қалыптастыру;
- эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, оқытуды өмірмен тығыз байланыстыруды қамтамасыз ету;
- өмірге белсенді көзқарасты қалыптастыру;
- жоғары азаматтылықты қалыптастыру.
Біріктірілген сыныпта оқу үдерісін ұйымдастыру.
Шағын жинақталған мектептегі жұмыстың ерекшелігі өздік жұмыссыз екі-үш сыныппен сабақты ұйымдастыру мүмкін еместігі болып табылады. Өздік жұмыс оқу үдерісінің негізгі бөлімі болып табылады, сондықтан оны жүргізу әдістемесі сабақ міндеттерімен, ұғымның белгілі бір түрін қалыптастыру ерекшеліктерімен, оқушылардың дайындығымен анықталады. Өзіндік жұмысты жоспарлағанда мұғалім сабақтың қай кезеңінде әрбір сыныпта өзіндік жұмысты орындауға қолайлы екенін анықтайды; материалды меңгерудің осы деңгейінде оқушылардан нені талап етуге болады: тапсырманың сипаты мен формасы қандай болуы керек?
Өздік жұмыс бағдарламалық талаптарға сай, логикалық ойлауды дамытуы тиіс, оқушылардың шамасы жететіндей болуы керек; бұл жағдайда ол саналы түрде орындалуы мүмкін. Өздік жұмыстың түрі формасы мен мазмұны бойынша әр түрлі болуы тиіс. Оны ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидатын сақтаған жөн: әрбір өздік жұмыс тексерілуі және бағалануы тиіс, сонымен бірге сабақты бекіту кезінде және сабақтың барлық кезеңдерінде болуы тиіс. Балаларды жұмысты өз беттерінше орындауға дайындай отырып, оқушыларға өздік жұмысты орындау әдістерін түсіндіру мақсатын қою керек, ал егер қажет болса, үлгіні ұсынуға да болады. Үлгерімі төмен оқушыларға ерекше көңіл бөлу керек, мүмкіндігінше оларға қосымша түсініктемелер беру керек, ал мықты оқушылар үшін күрделілілігі жоғары қосымша тапсырмалар дайындауға болады. Бұл тапсырмаларды ертерек тақтада, плакатта немесе карточкаларда дайындап қоюға болады.