Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
4.2.8.2 Көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка
(күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру
4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
|
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Алдыңғы білімді еске түсіру
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
«Құрастыр» айдары
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Олардың идеяларын
ынталандыру үшін сұрақтар пайдаланыңыз.
– Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрастырып, оқиғаның
шешімін ойлап табыңдар.
– Соңғы суретті қалай бейнелеуге болар еді?
– Әңгіме мазмұнына тақырып қойыңдар.
Суреттер топтамасы
Сабақтың мақсатын айқындау.
|
«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша оқулықтағы суретті
мұқият зерттей отырып, оны сипаттайды.
Мәтінді оқи отырып, болжау жасауға үйренеді. Ертегі түрін
ажырата отырып, оны сахналай алады. Шығарманы басқаша
құрастыруды үйренеді. Шығармаларды салыстыра отырып,
талдау жасай алады.
|
|
Сабақтың ортасы
|
«Түсініп оқы» айдары
«Ғажайып бақ» ертегісін түсініп оқу.
Дескриптор:
Оқушылар болжай алады.
Ертегіні түсініп оқи алады.
ҚБ: болжамдардың ертегі мазмұнына сәйкес келетінін мадақтап,
оқушыларға қайта тыңдату
Сөздік жұмысы
Тентіреп кету – қаңғырып, қайыр сұрап кету
«Түсіндір» айдары
Мұғалімнің көмегімен «ұлтарақтай жер» сөзінің мағынасын
түсіндіреді. Жауабын сурет арқылы немесе саусақпен бейнелеп көрсет:
а) көлемді жер;
ә) азғана, өте кіші жер;
б) ұлтараққа ұқсайтын жер.
«Есіңе түсір» айдары
- «Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жатады?
|