Тапсырма №1. SWOT анализ.
1 топ – геосаясаттың мықты тұстарын қарастырады;
2 топ – геосаясаттың әлсіз тұстарын қарастырады;
3 топ – геосаясаттың мүмкіндіктерін қарастырады;
4 топ – геосаясаттың қауіп – қатерін қарастырады;
Бағалау критерийлері:
1. Оқушылар геосаясат ұғымын біледі және түсінеді.
2. Геосаясаттың сыртқы және ішкі аспектілерін көрсетеді.
3. Талдау барысында геосаясатқа қандай факторлар әсер ететіндігін анықтайды.
4. Тайм –менеджмент сақтайды.
Орындауға 10 мин/ қорғауға 2 мин
Жаңа тақырып.
Геосаяси факторлар
- География (территориялар аумағы, орналасқан орны, жер бедері, шекараларының ауқымы мен конфигурациясы, т.б.
- Геофизикалық (климат, табиғи ресурстардың болуы, су ресурстарының болуы, т.б.);
- Саяси (саяси режим, мемлекеттік құрылымы мен басқару ерекшеліктері, т.б.)
- Әлеуметтік (өмір сүру деңгейі, әлеуметтік құрылым ерекшеліктері, халықтың урбандалу деңгейі, т.б.)
- Экономикалық (экономиканың даму дәрежесі, экономикалық өсу қарқыны мен келешегі, инфрақұрылым, стратегиялық қорлардың болуы, т.б.)
- Әскери (қарулы күштердің жауынгерлік қабілеттілігі, заманауи қарудың болуы, армия саны, ядролық қарудың болуы, т.б.);
- Мәдени және діни (конфессионалдық және ұлттық дәстүр, ғылымның даму деңгейі , білім, денсаулық сақтау, т.б.);
- Демографиялық (халық саны, оның құрамы, орналасу тығыздығы, туу және өлім деңгейі, т.б.);
- Экологиялық (қоршаған ортаның жағдайы, т.б.).
Тапсырма №2. Қазақстан Республикасының мысалында геосаясат факторларының рөлін бағалау.
1топ - физико-географиялық
2 топ - экономикалық
3 группа - әлеуметтік
4 группа - демографиялық
5 группа - саяси
6 группа - әскери
7 группа - технологиялық
Бағалау критерийі:
Геосаяси факторларды біледі;
Толық сипаттама береді;
Тайм менеджмент;
Топта жұмыс жасауы.
Достарыңызбен бөлісу: |