Сабақ тақырыбы: Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы
Зерттеу сұрағы: Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды?
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 8 (7)
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
қатыспағандар:
|
Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме)
|
7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.1.1.1 – Жоңғар шапқыншылығы кезінде демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру;
7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
|
Сабақ мақсаты
|
Қазақ хандығының ішкі саясатын талдау
|
Бағалау критерийлері
|
Қожаберген жыраудың •Елім-ай» өлеңіндегі оқиғаларды суреттеу;
жоңғар шапқыншылығы кезінде болған оқиғалар туралы «Елім-ай» әнінде келтірілген кемінде 3 дәлелдемені тауып көрсетуі;
тақырып бойынша өз қорытындысын негіздейді.
|
Тіл мақсаттары
|
Бейнефильмді(видео) көріп, "Елім-ай" әнінің мәні мен мазмұнын талқылау (тыңдалым және айтылым дағдысы).
Бейнефильмнің жазбаша қорытындысын жасау (жазылым дағдысы).
Тарихи деректермен жұмыс жасау (оқылым дағдысы)
Ақпараттық мәтіндер мен тарихи дереккөздер материалдарын зерттеу барысында оқушылар өзара жұптарға бөлініп жұмыс істеу. Жасаған жұмыс нәтижелері бойынша бүкіл сынып алдында ауызша есеп беру (оқылым, жазылым, тыңдалым және ауызша пікір айту дағдылары)
Пәндік лексика мен терминология:
Қонтайшы, Жоңғар хандығы, ойраттар, қалмақтар, жұт, торғауттар, басқыншылық (агрессия).
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Жоңғарлардың Қазақ жеріне басып кіру саясатының себептері
Қазақ хандығының ішкі жағдайы
Демографиялық өзгерістер мен көші-қон үдерістерінің (миграция процесстерінің) себептері
|
Құндылықтарды дарыту
|
Азаматтықты, отансүйгіштікті, ұлттық өзін-өзі тануды, қоғамның мүдделеріне қызмет етуге дайындығын қамтамасыз ету.
Басқа адамдарға деген құрметті тәрбиелеу, топтық және жұптық жұмыс оқушылардың арасындағы ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, академиялық адалдық.
|
АКТ дағдыларының дамуы
|
Ақпарат іздеу мақсатында интернет сайттарымен жұмыс жасау, бейнематериалдарды пайдалану
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ әдебиеті, жағрафия (оқушылар шайқастардың атауларын атап, картада шайқастар өткен орындарын белгілейді)
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Оқушылар қазақтар мен жоңғарлардың арасында ең алғашқы ірі және маңызды шайқастарының бірі 1643 жылы болған Орбұлақ шайқасы екенін және осы кезде қазақтардың жоңғарларға қарсы күресін Жәңгір ханның басқарғанын біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың қезеңдері
|
Сабақта орындалатын іс - әрекеттер
|
Оқыту ресурстары
|
Басы
10 мин
|
М Алғашқы ынталандыратын материал түрінде бейнеролик пайдаланыңыз. Оқушыларға халық әні «Елім-ай»ды тыңдауларын сұраңыз. Осы әннің мәтіні туралы сынып оқушыларының арасында осы сұрақтар арқылы пікірталас ұйымдастырыңыз:
• Әнді тыңдағаннан кейін қандай ойлар туындады, көз алдыңызға не елестеді? Қандай сезім сезіндіңіз?
• Қожаберген жырау «Елім-ай» әнінде қандай оқиғаны сипаттайды деп ойлайсыз?
Оқушылардан сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін екеніне болжау жасап, тақырыптың атауын анықтауларын сұраңыз.
М Сыныпқа «Жоңғар шапқыншылығы» тақырыбында бейнеклип көрсетіңіз. Оқушыларға келесі тапсырмаларды беріңіз:
1. Екі сөйлем көлемінде қысқаша түйіндеме жазу керек.
2. Қарастырылып отырған тарихи оқиғалардың өзегі болатын бір кілт сөзді анықтау керек.
3.Бейнероликке үш сұрақ құрастыру керек.
Т Бейнені талдап болғаннан кейін, оқушылар осы сұрақтарға жауап беру керек: Жоңғар басқыншылығының себептері қандай болды? XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?
| |