Сабақ тақырыбы: Кесіндердің түрі мен құрамын түрлендіру. Модуль /пән атауы: Графика және жобалау Педагог



бет2/10
Дата11.10.2022
өлшемі1,23 Mb.
#42331
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Графика және жобалау сабақ жоспары 2022-2023

Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару барысында «Досыма тілек» әдісі арқылы шаттық шеңберін құрып,оқушылар бір-біріне бүгінгі сабақ алдында жақсы тілектерін білдіреді.
Топтастыру: «Үшбұрыш пен төртбұрыш фигуралары» арқылы топқа біріктіремін.
І-топ «кескін»
ІІ-топ «фигура»
ҚБ: Ынталандыру, қолдау көрсету арқылы
Жаңа сабақты ашу мақсатында оқушылардың ойлау жүйріктігін анықтау үшін тақырыпқа байланысты «Миға шабуыл» әдісі бойынша суреттер көрсету. Кескіндерді жетіспейтін сызықтармен толықтыру
Көп жағдайда сызба соңғы нақтылайтын тексеріс кезеңінен өтетін кезде қандай да бір сызықтардың болмауы немесе өнімнің элементтерін көрсететін қандай да бір белгілердің болмауы сияқты жағдайлар туындап жатады. Керісінше, сызбаның деталі жайлы ешқандай ақпарат тасымалдамайтын артық сызықтарды алып тастау қажеттілігін тудыратын жағдайлар болады. Қалай болғанда да, қима, тіліктерді және т.б. орындау кезінде екі әдісті де ескеру қажет.
Жетелеуші сұрақтар

  1. Қима туралы жалпы түсінік беріңдер?

  2. Қималарды орындау және белгілеу ережелері айтыңдар?

  3. Қималардың орналасуының неше түрі бар?

  4. Қималарды орындау ерекшеліктері ?

  5. Қима мен тіліктің арасындағы айырмашылық?




1-сурет. Кескінді жетіспейтін сызықтармен толықтыру
Кескінді түрлендірудің келесі әдісі - өнімнің үшінші көрінісін екі берілгені бойынша тұрғызу.
Бөлшектің жетіспейтін көрінісін тұрғызу үшін, ең алдымен, оның көрнекті бейнесін көрсету керек, яғни аксонометриялық проекция бойынша орындалған бөлшек, содан кейін байланыс сызығы көмегімен жетіспейтін көріністі тұрғызу қажет.
2-суретте (а) бұранда (болт) дайындамасының екі көрінісі келтірілген, үшінші көрінісін салу қажет.
Ең алдымен, бұранданың анализін жүргізу қажет. Суреттен көріп тұрғандай, бұранда дайындамасы алтыбұрышты призмадан, тікбұрышты параллелепипедтен, екі цилиндр мен қиық конустан (2 - сурет, б) тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет