Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет24/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
tezis lektsii po zoologiya

Зәр шығару органдары — мезонефрикалық (теsоперһгоs) бүйректерден құралады. Бұлардың алдыңғы бөліміне пронефростың (ргоперһгоs) қалдықтары жалғасады. Зәр заттарын шығару түтігінің қызметін вольфов каналдары атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.
Жыныс бездері — дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалар — гонаданың қабырғасын жарып, денесінің ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қос жынысты болады (гермафродит).
Қазіргі тіршілік ететін дөңгелек ауыздылар екі отрядқа бөлінеді.
МИНОГАЛАР (РЕТКОМУZОNІҒОКМЕS)
Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген.
Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Олардың арқасы-нан құрсақ бөліміне қарай қанаты бар екендігі байқалады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалары жұтқыншақ ішіне ашылады.
Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар, бұл ланцетниктегі эндостильдің қызметін атқарады. Бауырында өті болады, көзі тері-сінің астына жасырынған. Миы басқа органдарымен салыстырғанда үлкенірек деуге болады. Құмқазғыш кейбір белгілерінін, болуына қарағанда (эндостильдің болуы), тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұқсайды. Құмқазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып, сонын, ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2—5 жылдың ішінде айналады.
Бұл отряд бір тұқымдастан (реіготуzопісіае) және жеті туыстан құралады. Миногалар — барлық суларда тіршілік ететін-космополиттер.
Теңіз миногасының (реtгоmуzоп maчiпиs) ұзындығы 50— 100 см. Бұлар Атлантика мүхитының теңіздерінде кездеседі. Теңізде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу кезінде өзенге шығады. Олар теңіздің түрлі тереңдіктерінде тіршілік етеді, кейде олар-ды 500 м терендіктен де кездестіруге болады. Көпшілігінде балықтармен және су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Теңіз миногалары уылдырығын көктемде шашады. Уылдырықтарын су түбін қазып, шұңқыр жасап салады. Кәсіптік маңызы аз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет