Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет55/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
tezis lektsii po zoologiya

Көру органдары. Сүт қоректілердің көру органдарының құ-рылысында ерекше өзгешелік болмайды. Көру органдары-ның жануарлардың тіршілігінде құстармен салыстырғанда аса маңызы жоқ. Тіпті ашық кеңістікті мекендейтін жануарлардың да көру органы нашар жетілген. Қозғалмай тұрған заттарға көптеген жануарлар көңіл аудармайды, сондықтан қозғалмай тұрған адамға аса сақ деп есептелетін аңдар (түлкі, қоян) жақын келіп қалады.
Зәр шығару системасы. Басқа амниоттардікі сияқты сүт қоректілердің бүйрегі де мықын бүйрегі (mеtаперһгоs) деп аталады. Анамнияға тән дене бүйрек (mеsоперһгоs) сүт қоректілерде эмбриональдық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. Сүт қоректілердің метанефрикалық, бүйрегі бұршақ (бобовидный) пішінді дене. Сүт қоректілердің көпшілігінің бүйректерінің сыртқы беті тегіс, ал күйіс қайтаратындардың және мысықтардың бүйректерінің сырты бұдыр болады. Киттердің бүйректері бірнеше бөлімге бөлініп, бөлшектеніп тұрады.
Жыныс органдары. Сүт қоректілерде аталық жыныс бездерінің (tеstеs) пішіні сопақша болады. Кейбір сүт қоректілерде: клоакалыларда, пілдерде, мүкі тістілерде, кит тәрізділерде т. б. аталық безі өмір бойы дене қуысында болады. Көптеген сүт қоректілердің аталық жыныс безі алғаш дене қуысында болады да, ержеткен кезде төмен түсіп, шап бөлімінде сыртқа шығып тұрған ен қалтасының (sсгоtum) ішіне орналасады. Ең қалтасы дене қуысы мен шаптағы арнаулы екі шап каналы арқылы қатысады. Аталық жыныс безіне тұрқы бойына беттесе орналасқан — ен сағағы (еріdіdуmіs) болады. Ен сағағы аталық жыныс безінің өнімін сыртқа шығаратын көптеген иректелген каналдардан тұрады.
Тұқым немесе эйякулят сперматозоидтың өзі тұқым қалта-сы және предстательдік бездің бөліп шығаратын сұйықтарының жиынтығы болып саналады.
Шағылыс мүшесінің (репіs) төменгі жағында тұқым-несеп каналы орналасады. Тұқым-несеп каналының үстінде және екі жағында борпылдақ кеуекті денелер (согриз саүегпозит) жатады. Жыныстық қозу кезінде шағылыс мүшесінің ішіндегі кеуегіне қан толып, соның нәтижесінде шағылыс мүшесінің созылғыштығы, серпімділігі артып және көлемі үлкейеді. Кейбір сүт қоректілердің (жыртқыштардың, ескек аяқтылардың, кемірушілердің көпшілігінің және кейбір жарқанаттардың т. б.) шағылыс мүшелерінің мықты болу себебі оның кеуекті денелерінің арасында ұзын ерекше сүйекше (оз репіs) болатындығынан.
Ұрық орны. Сүт қоректілердің жатынында ұрық жетіле бастағанда плацента деп атайтын ұрық орны пайда болады.
Сүт қоректілердің клоакалы түрлерінде ғана плацента болмайды. Қалталыларда плацентаның нұсқасы ғана болады. Плацента аллантоистың сыртқы қабырғасы мен сероздық қапшыктың беттесуінен пайда болады, соның нәтижесінде борпылдақ дене — хорион пайда болады. Хорионда өсінділер — ворсинкалар пайда болып, ол жатынның жұмсақ тканьдерімен жалғаса-ды. Осы арада ана мен ұрықтың қан тамырлары өз ара ұштасып бірақ олар бірігіп кетпейді. Сөйтіп, аналық организм мен ұрықтың қан тамыры қатысып жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет