Сабақ Тақырыбы: Клетканы зерттеу әдістері. Микроскоптың түрлері құрылысы, пайдалану тәртібі



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата22.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#51779
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
Зертханалык жумыс (1)

 
3-ші тапсырма:
. Ұйқы безінің қатерлі ісікпен зақымдалған жасушанын, электронды 
микросуретінен центросоманы (клетка орталығы) анықтап суретін салу 
 (23 сурет).
 
 
 
23-сурет. А-центриольдің қиғаш және бойлық кесінділері х160000. Б-центриольдердің қиғаш 
және көлденең кесінділері х90000. 1- клетка орталығы; 2- шеткі қос микрофибриллалар
(Н.П.Дмитриева бойынша). 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Рибосомалардың клеткадағы атқаратын қызметі қандай? 
2. Рибосомалардың құрылысы. 
3. Центросома немесе клетка орталығының құрылысы 
4. Центросоманың клетка бөлінуі кезінде қандай рол атқарады? 
 


№ 9 зертханалық сабақ 
 
Тақырыбы: Митохондриялар 
 
Мақсаты: Митохондрияның ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу, қызметімен 
танысу 
1-ші тапсырма: Тышқан ішегінің эпителий клеткаларындағы митохондрия.
Кіші ұлғайтқышқа қойып қарағанда, клеткада митохондриялар таяқша тәріздес болып 
көрінеді. Ядросы бірден көзге түседі. Екі-үш клетканың суретін салып, митохондрияны 
белгілеңіздер. 
2-ші тапсырма: Тышқан-сілекей бездері клеткаларының митохондриясы. 
Митохондриялардың көпшілігі ядро маңына доға тәріздес, бойлап орналасқан. Формасы 
өте майда, таяқша тәрізді. Клетка ядросы дөңгелек, оқшауланып тұрады. 
Митохондрияның базальді учаскеде жинақталуы цитоплазманың бұл бөлімінде белоктың 
көп синтездеу ерекшелігіне байланысты, энергияның керек екенін байқатады. 
3-ші тапсырма: Тышқан-қарынасты бездер клеткасының митохондриясы.  
Клетка формасы сопақша. Ядро клетканың ортаңғы бөлімінде. Митохондрияның 
көпшілігі клетканың базальды бөлімінде орналасқан, олардың формасы жіп немесе 
таяқша тәрізді. 
4-ші тапсырма: Тышқан - бауыр клеткасының митохондриясы. Препаратта
клеткалардың формасы 5-6 бұрышты, ірі ядролы. Митохондрияның формасы таяқша 
тәрізді ядроның маңына орналасқан. Митохондрияның клетканың кейбір учаскелерінде
шоғырлануы сол учаскеде активті процестердің (белок синтезі т.б.) жүргенін 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет