Сабақ Тақырыбы: Клетканы зерттеу әдістері. Микроскоптың түрлері құрылысы, пайдалану тәртібі


-ші тапсырма: Тышқан (бауыр, сілекей бездсрінің, нерв) клеткалалардағы



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата22.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#51779
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
2-ші тапсырма: Тышқан (бауыр, сілекей бездсрінің, нерв) клеткалалардағы 
ЭПТ көріп, суретін салу. 
3-ші тапсырма: Атжалманның ұйқы безі. Бояуы- гемотоксилин-эозин. 
Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып, препаратты зерттеп, ацинустарды табыңыздар. 
Ацинус бірнеше панкреатит клеткаларынан тұрады. Панкреатит клеткаларының негізгі 
қызметі асқорыту ферменттерін өндіреді, оған амилаза, липаза, трипсоген жатады. 
Сондықтан мұнда түйіршікті эндоплазмалық тор өте жақсы дамыған. Үлкен ұлғайтқышқа 
ауыстырып қарағанда цитоплазмасы базофильді бояумен жақсы боялған, оның жақсы 
боялуы эндоплазмалық тордың рибосомаларымен байланысты. Цитоплазманың 
базофильді бөлімі тек қана эозинмен боялмай гемотоксилинмен де көкшіл түске боялады. 
Ацинус клеткаларының суретін салып, базофильді цитоплазманы белгілеңіздер. 
Бақылау сұрактары: 
 
1. Эндоплазмалық тордың жалпы құрылысын атаңыз? 
2. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордын қызметін және құрылысын түсіндіру. 
3. Тегіс эндоплазмалық тордың қызметі және құрылысын түсіндіріңіз. 
4. Тегіс 
эндоплазмалық 
тордың 
кедір-бұдырлы 
эндоплазмалық 
тордан 
айырмашылығы неде? 
 
 
№ 6 зертханалық сабақ 
 
Тақырыбы: Гольджи аппараты 
 
Мақсаты: Гольджи аппаратының ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу. 
1-ші тапсырма: Тышқан - ішек эпителиальды клеткаларындағы Гольджи 
аппараты. Клетканың ядросы базальды учаскеге жақын орналасқан. Ядроға жақын
учаскеде Гольджи аппараты орналасқан, ол қара түске боялған. Кейбір клеткада Гольджи 


аппараттарының пішіні сақина, жарты сақина, таяқша тәрізді болып, ядроның
астында орналасады. 
2-ші тапсырма: Мысықтың арқа түйініндегі клеткаларының Гольджи
аппараты. Бояуы-осьмий қышқылы. Микроскоптың кіші көрінісіне қойып
препаратты зерттеңіздер. Бірден көзге сопақша келген клеткалар жақсы көрінеді. 
Цитоплазмасы жасыл түсті, ал, ядросы ашық түсті, ядрошығы жақсы көрінеді. Арқа
түйіні дәнекер ұлпасымен қапталған. Әр түрлі боялған нейрондар топтасып түйіннің
шет бөлімдерінде орналасады. Үлкен ұлғайтқышқа ауыстырып қойып зерттеп,
суретін салып, белгілеп қойыңыздар: 1) ядро; 2) цитоплазма; 3) Голдьжи аппараты (17-
сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет