2-ші тапсырма: Клеткааралық байланыстардың түрлерін (жай байланыс; құлып; десмосома; тығыз байланыс; саңылаулы байланыс-нексус) суреттерге қарап ажырата білу. 3-ші тапсырма: Аш ішектің эпителиі клеткасының микробүрлерінің электроннограммасы. Электронды микроскоп арқылы зертеулер нәтижесінде клетканың
апикальді жиегі микробүрлерден тұратындығы анықталды. Микробүрлер көмегімен
сорғыш эпителийдің беті бірнеше есе үлкейеді. Аш ішектің сорғыш клеткаларының
суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) микробүрлер
4-ші тапсырма: Клетка мембранасы арқылы заттардың ішке ену жолдары.
Амебаның клетка мембранасы. Бұл суретте кірпікшелердің орналасу тәртібіне
көңіл бөліңіз. Кірпікшелер клеткалардың қозғалысын қамтамасыз етуге ғана емес,
сонымен қатар, клетканың тамақтануына да қатысады.
Бақылау сұрақтары: 1. Өсімдіктер мен жануарлар клеткасы қабығының бір-бірінен айырмашылығы
қандай?
2. Гликокаликс дегеніміз не?
3. Плазмалық мембрананың құрылысы, қызметі.
4. Клетка мембранасы туралы Сингер мен Николсонның сұйықтық
мозайкалық моделі.
5. Плазмалық мембранада иондар мен ұсақ молекулалар қалай өтеді?
6. Клеткааралық байланыстың қанша түрі бар?
7. Клетканың маманданған құрылымдарына не жатады?
№ 4 зертханалық сабақ Тақырыбы: Клетканың тұрақсыз қосылыстары Мақсаты: Цитоплазманың құрамында кездесетін компоненттер: клетканың тұрақсыз
қосылыстарының клеткада қандай күйде және қандай клеткаларда кездесетіндігін зерттеу.
1-ші тапсырма: Аксолотльдің бауырындағы гликоген қосылыстары. Микроскоптың кіші көрінісіне қойып прапаратты қарағанда көп бұрышты тығыз
орналасқан клеткаларды көруге болады. Цитоплазмада біркелкі шашыраңқы жатқан
қызыл түске боялған гликоген түйіршіктерін көруге болады. Бауыр клеткасының суретін
салып, белгілеңіздер(11-сурет).