11-сурет. Бауыр клеткасындағы гликоген қосылыстары. Бояуы: кармин Бест әдісі бойынша боялған х 900. 1 -көп бұрышты бауыр клеткалары; 2- цитоплазмадағы гликоген дәндері мен түйіршіктері; 3- ядро мен ядрошық; 4-синусоидты гемокапилляр (И.В. Алмазов, Л.С. Сутулов бойынша). 2-ші тапсырма: Аксолотльдің бауырындағы майлы қосылыстар. Препаратты
микроскоптың кіші көрінісіне қойып қарап, содан кейін үлкен ұлғайтқышпен қарағанда,
көпбұрышты клеткаларды көруге болады. Ортасында ірі ядросы кездеседі. Қызғылт түсті
цитоплазмада қара тамшылар түрінде майлы қосындылар орналасқан. Суретін салып
белгілеңіздер (12-сурет).
12-сурет. Бауыр клеткаларындары май қосындылары. Бояуы: Осмий қышқылы-сафранин. х 900. 1- бауыр клеткалары: а- клетка цитоплазмасындағы липоид гранулалары; б- сафранинмен ядро қызғылт түске боялған; 2-капиллярлары эритроциттер (И.В. Алмазов, Л. С. Сутулов бойынша). 3-ші тапсырма: Пигметті қосылыстарМикроскоптың кіші көрінісіне қойып
прапаратты қарағанда өсінділерден тұратын жасыл-қоңыр түсті клеткаларды, ортасында
орналасқан ірі ядросын көруге болады. Сонымен қатар, клеткада шашыраңқы орналасқан
көптеген түйіршіктерді және меланин пигментін көруге болады. Суретін салып
белгілеңіздер (13-сурет).