Сабақ Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклы


Көмірсу алмасуының соңғы өнімдері



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата25.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#45260
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Көмірсу алмасуының соңғы өнімдері СО
2
және Н
2
О. Олардың 
қолдану жолдары. Керек мөлшерін мочевина, көмір қышқылының синтезіне 
және буферлік жүйелер түзуге қолданылады, ал керек болмаса терлеу 
арқылы, зәр арқылы және көмірқышқыл газы өкпе арқылы сыртқа 
шығарылады.
Көмірсу алмасуында бауырдың рөлі. 
Бауыр глюкостатикалық қызмет атқарады. Бауырда гликогеногенез, 
глюконеогенез, гликогенолиз процесстері жүреді. Бауыр осы процесстерге 
байланысты қанның құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшерін тұрақты 
етіп ұстап тұрады. 
 
Көмірсулар қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары 
Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің патологиясы екі түрлі 
себептерге байланысты болуы мүмкін. 
1.Ішекте көмірсуларды гидролиздеуге қатысатын ферменттерде 
ақаудың болуы. 
2.Ішектің шырышты қабатында қорытылған көмірсу өнімдерінің 
жеткіліксіз сіңірілуі немесе сіңірілуінің бұзылуы. Екі жағдайда да 
осмотикалық диярея пайда болады. Бұл жағдай - гидролизденбеген


дисахаридтердің немесе көмірсу өнімдерінің сіңірілмеуі «мальабсорбция» 
деп аталады.
Фруктозаның метаболизмі. 
Сахарозаның гидролизі нәтижесінде түзілген фруктозаның белгілі бір 
мөлшері қақпа венасына өтпей жатып, ішек клеткаларында глюкозаға 
айналады. 
Фруктозаның қалған бөлігі жеңілдетілген диффузия арқылы сіңіріледі. 
Фруктоза фруктокиназа ферментінің әсерінен фруктозо –1–фосфатқа 
айналады немесе гексокиназа ферментінің әсерінен фосфорлану арқылы 
фруктозо -6-фосфатқа айналады , ол глюкозо -6-фосфатқа изомерленеді. 
Фруктоза алмасуының тұқымқуалаушылық бұзылуы жоғарыда аталған екі 
ферменттің ақауының нәтижесінде болады. 
Эссенциальды фруктозурия - бауырдың фруктокиназасының ақауы 
кезінде байқалады. Фруктозаның фосфорлануы бұзылады, нәтижесінде қанда 
фруктозаның мөлшері көбейеді, (фруктоземия) және зәрмен бөлінеді 
(фруктозурия), ауру симптомсыз өтеді. 
Альдолаза ферментінің генетикалық деңгейдегі ақауы тұқым 
қуалайтын ауру тудырады. Ол бас миының, бүйректің, бауырдың 
зақымдануына, глипогликемияға әкеледі және құсу, тырысу байқалады. 
Фруктозо-1-фосфатпен тіндерде, қанда жиналған фосфорилаза, альдолаза, 
фруктозо-1,6-ди фосфотаза, фосфоглюкомутаза ферменттері ингибирлену 
нәтежесінде гипогликемия пайда болады. Бұл клеткалардың энергиямен 
қамтамасыз етілуін бұзады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет