2-тапсырма. «Сізді еңбекақы көлемі қызықтыра ма?» Осы сұраққа үлгі бойынша жауап беріп, пікір білдіріңіз:
Еңбекақы көлемі қызықтырады,себебі.............................................................................., менің ойымша............................................................................................................................................ немесе Еңбекақы көлемі қызықтырмайды, себебі........................................................................, менің ойымша.............................................................................................................................................
3. Оқылым. 1-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыздар. Бұл мәтін не туралы? Мазмұны неде? Еңбек өнімділігі- сапалы жұмыс Қарасай ауылында еңбек өнімділігін арттыру үшін баспанасыз жүрген қызметкерлерге арналып тұрғын үй салынды.Өйткені сапалы еңбек ететін жастардың көбі үйсіз жерген болатын. Қаншама үйге мұқтаж адам ел қатарына қосылып, бүгінде бәрі де өсіп-өніп, үлкен бір әулетке айналды. Деректерге көз жүгіртсек, ауылда 60-тан астам соғыс ардагері бар. Шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы ардагерлерге қолдау көрсетілді. Кәсіпкерлер ауылға шағын диірмен салғызды, ауылдағы жігіттер жұмыспен қамтамасыз етілді. Мал бағатын орындар ашылды. Ет, сүт өнімдері өзімізде өндіріле бастады. Еңбегіміз де жанды, тұрғындардың алғысын да алдық. Еңбектің көзін таба білсеңіз, қоғамға да, елге де қадірлі болатыныңыз ақиқат.Келешек ұрпаққа:- «Біз сендерді адал еңбек, маңдай термен тапқан табысқа жетуге үйретеміз. Сендер де жетістікке еңбекпен жетуге болатынын ұғыныңдар», деп айтып отырамын. Еңбек адамды тәрбиелейді, жақсылыққа бағыттайды. Еңбек әр адамды болашаққа бастайтын жол десек, қателеспейміз. Еңбекқор адам бастамашыл келеді.
2 тапсырма.Мәтінде кездесетін етістіктерге қажетті жұрнақтарды жалғап, етіс түрлерін жасаңыздар. Етістіктер:салу,қосу, жүгіру,көрсету,ашу,алу,үйрену,тәрбиелеу, бағыттау.