Сабақ тақырыбы Л/т. Еңбек өнімділігі: сапа мен көлем. Жұмыс түрі және еңбекақы Г/т. Етіс формаларының қолданысы



бет3/3
Дата10.11.2022
өлшемі29,44 Kb.
#49191
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
7 сабак

4.Жазылым
Жазылым тапсырмасы (В1)
Г/т. Етіс формаларының қолданысы
1-тапсырма. Көп нүктенің орнын толтырып, етіс түрлерін анықтаңыз.
Ән айт...ды. Маған ән айт...ды.Ыдыс жу...ды. Анасы баласына ыдыс жу...ды.
Кітап оқ...ды. Оқытушы студентке кітап оқ...ты.Кәсіпорын басшысы қызметкерлерге сыйақы бер...ді. Аяулымға достары тарапынан сыйлық бер...ді.Қайраткердің мерейтойы өткіз...ді. Бүгін біздің ұжым салтанатты кеш өт...ді. Жеке-жеке отыр...ды. Студенттерді жеке-жеке отыр...ды.


2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, етіс формасының жұрнақтарын тауып астын сызыңыздар, олардың түрлерін ажыратыңыздар.


Серік бөлме бұрышындағы диванға жатты. - Баланы төсекке жатқызды.


Әкем кітап жазды. - Мұғалім бізге жаттығуды жазғызды.


Қалаға әрең жеттім. - Хатты тез арада жеткіздім.


Мына орындыққа отыр. - Әжені төрге отырғыз.


Сіз сабағыма қатысыңыз. - Балаларды жарысқа қатыстырыңыз.


Жерді қаз. - Жерді ініңе қаздырт.


Тез киін. - Сәбиді тез киіндір.


Біз сені екі сағат күттік. - Сен мені күттіріп қойдың ғой!


Мен ұйықтадым. - Баланы ұйықтаттым.


Біз далада ойнадық. - Кішкентай баланы ойнаттық.


Тісіңді тазала. - Бөлмесін өзіне тазалат.


Балалар қар жауғанға қуанды. - Әсем әке-шешесін қатты қуантты.
Кері байланыс: «Мәліметтер мен ақпараттар»
(Кері байланыс беруде етіс формаларын қолданыңыздар)

  1. Есте сақтайтын ең маңызды ақпарат:

1)..............................................................................................
2. Менің көбірек білгім келетін басты екі мәлімет:
1) ..............................................................................................
2)...............................................................................................
3. Мені қызықтырған үш ақпарат:
1).............................................................................................
2)............................................................................................
3)............................................................................................
4. Бүгін мен түсінген төрт мәлімет
1)................................................................................................
2)....................................................................................................
3)..................................................................................................
4)...................................................................................................


СОӨЖ-4: «Ақшаның адам өміріндегі рөлі» дебат - қарсы аргументтер ұсыну, аргументтерді қолдану ;
- өз пікірін дәлелдеу, сілтеме жасау;
- шаршы топ алдында сөйлеу мәдениетін сақтау.


СӨЖ-4. «Үнемшілдік пен ысырапшылдық» постер әзірлеу:
-ұсынылған пікірлермен танысу;
-тақырыпқа сәйкестігін анықтау;
- өз пікірін білдіру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет