Сабақ тақырыбы: Мұғалімнің беделі Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


Мұғалімнің беделінің қалыптасуы үшін басшылыққа алынатын принциптерге келетін болсақ, келесі принцитерді атап өткен жөн



бет5/9
Дата21.01.2023
өлшемі82,51 Kb.
#62184
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мұғалімнің беделінің қалыптасуы үшін басшылыққа алынатын принциптерге келетін болсақ, келесі принцитерді атап өткен жөн:
- бірлескен әрекетте жетістікке жетуге ұмтылу принціпі;
- беделдің бірлескен әрекеттің мазмұны, жағдайы арқылы, мұғалім басқарған ұжымның құрамы, даму деңгейіне байланысты бағалану принципі;
- мұғалімнің, оның басқарған ұжымының құндылық бағыттары, қызығушылығы, қажеттіліктері сәйкес келген жағдайда мұғалімнің қарым-қатынастық беделінің қалыптасуына мүмкіндік тууы;
- осы жағдайдан келесі принцип айқындалады - құндылық бағыттар мен түрткілерді, қажеттіліктерді есепке алу принципі;
- мұғалімнің талабын оқушыларға сенім, құрмет көрсету мен ұштастыру принципі;
- мұғалімнің белсенді позициясы, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде мұғалімнің адамгершілік үлгі-өнегесінің ықпалы арқылы беделдің қалыптасуы;
- оқушылардың жас шамаларына қарай мұғалімнің беделінің әртүрлі бағалануы;
- мұғалімнің беделінің сақталуы үшін үнемі жетілдіріп отырылуы;
- мұғалімнің еңбегін бағалауда әлеуметтік перцепцияны есепке алу т.б.
Мұғалімнің беделінің қалыптасуына субъективті және объективті фактор -лар әсер етеді. Объективті факторлардың негізін қоғамның қажеттіліктері құрайды.
Объективті факторларға: мұғалім мамандығының әлеуметтік тұрғыда бағаланып қабылдануы, мамандықтың қоғамдық мәнге ие болуы жатады. Әлеуметтік қабылдау қоғамдағы мұғалімдік мамандық туралы қалыптасқан әлеуметтік стереотиптерге байланысты болып келеді. Қоғамда әртүрлі мамандықтарды қабылдау туралы түрлі көзқарастар болады. Ол стереотиптер әлеуметтік мәнге ие болып, сол саладағы мамандық иелерінің беделінің қалыптасуына ықпал етеді. «Әлеуметтік перцепция» деген ұғымды енгізген американ психологі Дж. Брунер(1947) әлеуметтік тұрғыда бағалап қабылдауды факті ретінде есептеледі.
«Стереотип» және «имидж» деген ұғымдар бір-бірімен байланысты болып келеді.
«Стереотип», «имидж» деген ұғымдардың маңызды атрибуты болып саналады. Мұғалімнің имиджінің оқу-тәрбие үрдісінің мақсатына сәйкес келуі мұғалімнің беделінің қалыптасуына ықпал жасайды. Қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес қалыптасқан мұғалімнің имиджі әлеуметтік жүйені басқаруға мүмкіндік беретін маңызды фактор. «Имидж» деген ұғымның мазмұнына мұғалімнің тәрбиелілігі, эрудициясы, іскерлігі, дара қасиеттері, мінез-құлық ерекшеліктері, қызметтегі стилі т.б. жатады. Мұғалімнің беделінің қалыптасуына әсер етудің тағы бір маңызды жағы – мұғалімнің статусына байланысты сипаттары. Мұғалімнің статусына байланысты оның рөлдік тәртібінің моделі іске асады. Статусына байланысты мұғалім басқа әлеуметтік топтармен байланыс жасайды. Беделдің рөлдік компонентіне: атқаратын қызметі, құқығы, міндеттері кіреді.
Объективті факторлар арқылы әрбір педагогтың қоғамдағы статусы, рөлі анықталып, имиджі қалыптасады.
Субъективті факторларға: мұғалімнің білімі, іскерлігі, шығармашылығы, жеке тұлғалық қасиеттері, мінез- құлық ерекшеліктері, темпераменті, құндылық бағыттары, қызығушылығы, қажеттіліктері, мәдениеті, адамгершілік-рухани және интеллектуалдық қасиеттері, іс-әрекет жасауға дайындығы, белсенділігі, әдебі, шыдамдылығы т. б. кіреді.
Бедел құрылымына жеке тұлғаның моральдық-психологиялық қасиеттерін және кәсіби қабілеттерін жатқызамыз. Мұғалімнің беделі белгілі ортаның оған деген қатынасынан байқалады. Беделдің мазмұны мұғалімге деген екі түрлі қатынас арқылы байқалады: әлеуметтік, спецификалық.
Бедел құрылымына жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет