Сабаққа кіріспес бұрын естеріңізге салайын, сіздер болашақ мұғалімдер, бүгінгі сабаққа тек қатысып, жаңа білім алып қана қоймай, менің сабағыма қатысушы ретінде шағын талдау жасайсыздар, қандай педагогикалық технологиялар қолданылды, алған әсерлеріңіз, кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды айтасыздар. Сонымен, қатар сабақ соңында өздеріңізге баға қоясыздар.
"Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек" Абай Түстер арқылы топқа бөліну
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлуге болады. Бір түсті алған оқушылар бір топқа бірігеді.Түстерге қарап оқушыларға психологиялық мінездеме беруге де болады. Бірақ оқушыларға жағымды әсер қалдыру керек.
1. Вербальды қарым-қатынас дегеніміз не?
2. Вербальсыз қарым-қатынас дегеніміз нк?
3. Интерактивті қарым-қатынас дегеніміз не?
4. Перцевтивтік қарым-қатынас дегеніміз не?
Мұғалімнің қырлары: 1. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, .
2. Кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
3. Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.
4. Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі.
5. Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
6. Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.
7. Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
8. Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. -........
Синица. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік. Алматы, 1987.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, /Дарын/, Алматы, 2004.-448 бет.
Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.:Издательский центр «Академия»,1999.-стр.93-139
Макаренко А. С. Мудрость воспитания. Книга для родителей. -М.:1989