Сілтемеде көрсетілген видеолекция мазмұнымен танысып шығу. https://www.youtube.com/watch?v=NQKSJw-fkaQ
Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің беделі. 1. Мұғалімнің беделінің мәні және мазмұны.
2.Мұғалімнің беделінің қалыптасуы үшін басшылыққа алынатын принциптер.
3.Мұғалімнің беделінің қалыптасуына әсер ететін субъективті және объективті факторлар.
4. Беделдің құрылымы.
5. Беделдің түрлері, деңгейлері және белгілері.
Мұғалім – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жуапкершілігі мол киелі мамандық. Ондай мамандық иесі әрқашанда өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан ілтипаттылығы мен парасаттылығы, біліктілікке ұштасқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары жайсаң адам болуы керек.
Мұғалімнің беделді болуы - өсіп келе жатқан ұрпақты ойдағыдай тәрбиелеудің ең маңызды шарттарының бірі. Қандай жастағы болсын балаларға ықпал етудің нәтижесі - тек оларды неге және қалай үйретуде, оларға нені және қалай айтуда ғана емес, сондай-ақ, кімнің айтып, кімнің үйрететіндігімен де анықталады.
Мұғалім – ұлы есім. Оны қадірлемейтін, қастерлемейтін адам өмірде жоқ та шығар. Қандай дана адамның өзі, ең алдымен мұғалімнің ұлағатты сөздерін естіп өскені айдан анық. Мұғалім болу үшін адамның ішкі дүниесінің қалауы болу керек. Өзінің жеке қасиеттерімен өзіне деген құрметті, сыйластықты тудыра білуі қажет. Баланы жастан әдептілікке, сыйластыққа, отансүйгіштікке баулу маңызды. Бұл тұрғыда ұлы әл-Фараби бабамыз: “Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы”, - деп бекер айтпаса керек. Ал тәрбие бастауы – этикалық нормаларды үйретумен қатар, өнер дарыту.
Беделді зерттеген ғалымдар: А.С. Макаренко, С.В.Ковалев, А.Фромм, А.В Петровский А.Н.Леонтьев , М.Ю. Кондратьева, Р.Х Шакурова, И.П. Андриади т.б.
Бедел –дегеніміз латын тілінен алғанда «билік» деген мағынаны білдіреді. Бір адамның білімі, тәжірибесі, адамгершілік қасиеттері арқылы басқа адамдармен қабылдануы, басқа адамдарға ықпал жасауға мүмкіндігі. Билік деген ұғым туралы сөз болғанда әділдік, мәдениет деген ұғымдар туралы айту орынды. Психологияда беделді билік жасаумен байланыстырады, ғылымда ондай биліктің алты түрі бар. Олар: зорлық көрсету арқылы, сыйлық беру, лигитимдік – заңды түрдегі билік, эксперттік - білімге байланысты, информациялық – қажетті ақпараттың болуы, референттік – басқаларға үлгі беретін, басқалар оны қабылдайтын. Бедел - ол динамикалық өзгерісте болып отырады.
Бедел субъект - субъектілік іс-әрекет арқылы қалыптасады, ол үшін бірлескен әрекеттесу нәтижелі болу мәнді.
Тәрбиешінің нағыз беделінің мән-жайын аша отырып, А.С.Макаренко оның түп-тамыры бір нәрседе – барлығын: жұмысты, ойды, дағдыларды, мүдделерді, сезімдерді қоса алғанда мінез-құлықта екендігін дәлелдейді. Балалардың қандай болып шығатындығын көргісі келетін ұстаз беделге ие болуы тиіс.