Сабақ тақырыбы: Қоғамдық сана феномені: түрлері,құрылымы, мәні



бет5/8
Дата26.04.2022
өлшемі30,39 Kb.
#32297
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
11 практика

Томмазо Кампанелла - утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.

  • Қайта Өрлеу дәуірінің әлеуметтік философы мемлекеттің теократиялық концепциясының негіздеушісі Никколо Макиавелли болды. Макиавеллидің саясат саласындағы ең басты еңбегі - «Патша» шығармасы мемлекет басындағы адамдардың ел билеуде басшылыққа алуына арналған әртүрлі кеңестер мен ұсыныстар және қағидалар берілген туында болып табылады. Макиавелли елді біріктіру мен билік мақсатына жету үшін барлық амал-айланы қолдануға, яғни қол астындағыларды алдауға, өтірік айтуға, уәдені аяққа басуға, зұлымдыққа баруға адамдарды қырып-жоюға, қатал тәртіп пен күш қолдануға және опасыздық жасауға да болады деп үйретті.

    Макиавеллидің айтуынша, халықты өзін толық бағынышты етудің екі жолы бар. Оның біріншісі - халықтың билеушіге деген сүйіспеншілігі, екіншіден - оның алдында қорқынышта болу.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет