4.5.1.3 Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру,шығару
4.5.1.2 Есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт,атқарылған жұмыс; өнімділік/егіннің түсімділігі; ауданы мен массасы/ жылдамдық, ара қашықтық, уақыт шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Шеңбер мен дөнгелекті радиусы бойынша сыза алады;
Оқушылардың басым бөлігі: Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру,шығаруды біледі
Кейбір оқушылар: есептерді талдап, шығара алады.
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
жай бөлшектермен өрнектелген сандар тізбектерінің заңдылықтарын анықтап атай алады;
есептерді талдап, шығара алады.
Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдылар:
Жазбаша тапсырма:
• Кестені толтырыңыз.
• Есеп шартын жазыңыз.
• Жауапты жазыңыз.
Терминология:
Шеңбер және дөңгелек
Шеңбер мен дөнгелектің радиусы
Сөз тіркестері:
• Есеп сұрағына бірден жауап беруге бола ма?
• Неліктен есеп сұрағына біз бірден жауап бере алмаймыз?
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Аяқталуы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.
Ойтолғаныс кезеңі.
Сен зерттеушісің
Рефлексия «Жұлдыздар шеруі» әдісі.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс«Жұлдыз
дар шеруі» әдісі тапсырмалары арқылы білдіре алады.
Мектеп: №172 мектеп- гимназия
Сабақ тақырыбы: №80 -сабақ. Бақылау мазмұндамасы
Күні:19.03.2020
Мұғалімнің есімі:Изетай А
Пән:қазақ тілі
Сынып:4
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
4.1.2.1 – мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі.
Көптеген оқушылар: тыныс белгілері үйретіледі, жасалу жолдары танытылады.
Кейбір оқушылар:топтық,жұптық, жеке жұмыстарды орындайды.
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі.
Құндылықтарды дарыту
Адамгершілік, еңбекқорлық.
Пәнаралық байланыстар
«Мәдени мұра» лексикалық ортақ тақырыбы аясында қарастырылады. «Мәдени мұра дегеніміз не?», «Абайдың қара сөздері-ұрпаққа мәңгі мұра», «Мәдени ескерткіштер сыр шертеді», «Мақала жазамын» тақырыптарындағы мәтіндермен жұмыс «Дүниетану», «Музыкамен» пәнаралық байланыста жүзеге асыруды мүмкін етеді.
АКТ қолдану дағдылары
Электронды тапсырмалар.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім
Оқушылар алдыңғы сыныптарда көркем шығарма және ғылыми-көпшілік мәтіндермен таныс. Мәтін түрлері мен жанрын ажырата алады. Сөз мағынасымен жұмыс істеуде дереккөздерді дұрыс пайдалана алады. Аудио жазбалары арқылы ойын ауызша және жазбаша жеткізеді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Ресурстар
Басталуы
(Ұ) «Сиқырлы қапшық»
Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:
1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)
2-топ: « Ептілер » (сары түсті)
3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)
Шаттық шеңбері
Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)
Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін
Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?
Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
Ортасы
(Ө,Т) Мәтіналды тапсырма: «Еркін жазу» әдісі.
Жаңа тақырып туралы білетін мәліметтерін жазу.
Топта идея алмасып, мәліметтерін толықтыру.
Бақылау мазмұндамасын өткізу.
Жазба жұмысына дайындық жұмыстарын жүргізу
1. Суретпен жұмыс. Берілген сурет бойынша көктем мезгілі жайлы әңгіме жүргізу.
- Бұл қай жыл мезгілі? Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Құстар қалай, қайдан ұшып келеді?
- Жыл құстары деп қандай құстарды айтамыз?
- Отырықшы құстар деген ше?
- Көктемде ең алғаш қандай құс ұшып келеді?
- Мынау қандай құс? (қараторғай) т. б. сұрақтар арқылы әңгімелесу.
Бүгінгі жазба жұмысымыз осы қараторғай туралы болады. Қараторғайды сипаттау.
2. Мазмұндаманы екі рет мәнерлеп оқу, мазмұнын талдау.
Балапан мен мысық
Наурыз айы келді. Балалар қараторғайға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады. Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде аш балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Ол қолына шыбық ала салып мысықты біраз жерге дейін қуып тастады. Жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар шат - шадыман болып әсем әуенге басты.
3. Мәтін мазмұнын 2 - 3 оқушыға айтқызу. Сөздік жұмысын жүргізу.
4. Сұрақтар қою, әңгімедегі негізгі ойды тапқызу.
- Көктемнің қай айы туды? Балалар не жасады?
- Кім құстарға ұя дайындады?
- Ұяда неше балапан пайда болды? Аш балапан қайтті?
- Не балапанға жақындай түсті?
- Қараторғайлар қайтті? Олар кімнен көмек сұрағандай болды?
- Асан не істеді?
5. Мәтінге жоспар құру
Жоспар:
1. Ұя жасау
2. Балапанға төнген қауіп
3. Араша түскен Асан
Тіректі сөздер мен сөз тіркестерін жазу: аш балапан, шыбық, шат - шадыман, әсем әуенге
Дескрипторы:
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі.
«Сия жұмсаушы» тәсілі бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Бір минуттың ішінде мүмкіндігінше көбірек тақырыпты ашатын сөздерін жазып шығу.
Тапсырма
ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Аяқталуы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.
Ой толғаныс кезеңі.
«Жалғасын тап» ойыны
1. Бірлік болмай, .... .... .
2. Ырыс алды - .... .
3. .... .... , ине ілікпейді.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
«Білім сандығы» кері байланыс.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.