Сабақ Тақырыбы: Тірі жасуша біртұтас динамикалық жүйе. Прокаритотты және эукариотты жасушалар


Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет24/41
Дата05.12.2023
өлшемі4,1 Mb.
#134496
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Семинар сабақтары-молек.биология

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Инициация дегеніміз не?

  2. Элонгация дегеніміз не?

  3. Терминация дегеніміз не?

Әдебиеттер:1-7 (негізгі), 8- 16 (қосымша)

10 практикалық сабақ


Тақырыбы: Нуклеин қышқылдарының биосинтезі және деградациясы.
Сабақтың мақсаты: Матрицалық және матрицалық емес синтез. Марицалық синтез ингибиторлары.
1тапсырма. ДНҚ, РНҚ, белок синтезіне қатнасатын заттарды менгеру.



2тапсырма.
Задание 2. Кестені дәптерге көшір
Антибиотиктар –матрицалық биосинтездін ингибиторлары

8 кесте


Антибиотиктар

Әсер ету механизмі

Репликацияның ингибиторлары

Дауномицин
Доксорубицин

ДНҚ құрылымына кіреді репликациямен транскрипцияны бузады

Актинрмицин D


Мелфалан

Репликацияны бұзады

Номермицин
Новобиоцин

Репликациямен транскрипцияны бұзады

Транскрипцияның ингибиторлары

Рифамициндер

РНҚ полимеразамен қосылғанан кейын транскрипция пайда болуына кедергі жасайды

Трансляцияның ингибиторлары

Тетрациклины

Элонгацияның ингибиторлары: 30S рибосома мен қосылады аа-тРНК А-центр қосылуына кедергі жасайды

Левомицетин

50S рибосомамен қосылады



Эритромицин

50S рибосома мен қосылады және транслокацияны ингибиторлайды

Стрептомицин

Трансляцияның инициациясын ингибиторлайды

Нуклеин қышқылдарының биосинтезі және деградациясы.


Жалпы сұрағы: Матрицалық және матрицалық емес синтез. Матрицалық синтездің ингибиторы.
Кез келген тірі жасуша нәруыз синтездеуге қабілетті, бұл қабілет олардың маңызды да және өздеріне ғана тән қасиеттердің бірі болып табылады. Жасушаның өсуі мен дамуы кезінде нәруыз синтезі ерекше энергия жұмсалады. Бұл кезде жасушалық органоидтардың құрылысына қажетті нәруыз белсенді түрде синтезделеді. Ферменттер синтезделеді. Нәруыз биосинтезі көптеген ірі жасушаларда да, сонымен қатар өсуі мен дамуы тоқтап, әбден қалыптасқан жасушаларда да қарқынды жүреді. Мысалы нәруыз ферменттерін синтездейтін (пепсин, трипсин) асқорыту бездерінің жасушаларында немесе нәруыз –гормондарды (инсулин, тироксин) синтездейтін ішкі секреция бездерінің жасушаларында. Нәруызды синтездеу қабілеттілігі тек өсіп келе жатқан немесе сұйықтық (секрет) бөлетін жасушаларға ғана тән емес. Кез келген жасуша өзінің тіршілік еткен уақыт аралығында нәруыз синтездейді. Себебі, нәруыз молекулаларының қалыпты тіршілігінде құрылымы денатурацияға ұшырап, олардың қызметі бұзылады. Осындай іске жарамай қалған нәруыз молекулалары жасушадан шығарылады. Оның орнына толыққанды, молекулалар синтезделеді, нәтижесінде жасушалардың құрамы, іс-әрекеті бүлінбейді. Нәруызды синтездеу қабілеті жасушадан жасушаға тұқым қуалай беріледі және ол барлық тіршілік кезеңінде сақталады. Нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының жаңа молекулаларының биосинтезі кезінде нуклеин қышқылдары мұндай программаларды тасымалдаушы болып табылады, бұл рольде оларды матрица деп атайды. Матрица матрицалық синтез кезінде шығынға ұшырамайды және де оларды бірнеше қайтара пайдалануға болады. Бұл жағынан ол өршіткіге ұқсас. Матрицалық биосинтездің негізгі үш типін ажыратады:


  1. Матрица түрінде пайдаланылып, ДНҚ молекуласында кездесетін ДНҚ биосинтезі (ДНҚ репликациясы);

  2. ДНҚ матрицасында РНҚ-ның биосинтезі (транскрипция);

  3. Матрица ретінде мРНҚ қолданып, нәруыздарды синтездеу (трансляция).

Нәруыз құрылымын анықтау кезінде негізгі роль ДНҚ –ға жүктеледі.
Синтез кезінде ДНҚ-лардың тікелей қатысы болмайды. ДНҚ жасуша ядросында кездеседі, ал нәруыз синтезі цитоплазмада кездесетін рибосомаларда жүреді, ДНҚ-да тек нәруыз құрылымы жөнінде ақпарат болады да және сонда сақталады. Берілген ДНҚ жіпшесін де әртүрлі нәруыздардың біріншілік құрылымының құрамы жөнінде ақпарат бірінен кейін бірі тізбектеліп жазылады. Белгілі бір нәруыздың құрылымы жөнінде ақпараты бар ДНҚ бөлігі, ген деп аталады. ДНҚ молекуласы бірнеше жүз гендердің жиынтығынан тұрады. ДНҚ құрылымы нәруыз құрылымын қалай анықтайтындығын түсіндіру үшін мынадай мысал келтіреміз: Көпшілігі Морзе әліппесін біледі, сол арқылы телеграммалар мен сигналдар беріледі. Морзе әліппесі бойынша, әріптер нүкте және сызықшалар дың ұзын және қысқа сигналдарының үйлесімділігімен белгіленген. А әрпі .--,, Б әрпі -- --. Сол сияқты белгіленеді. Шартты белгілердің жиынтығын код немесе шифр деп атайды. Морзе әліппесі кодтың мысалы бола алады. Морзе кодын білетіндер нүкте және сызықшалардан тұратын телеграф таспасында жазылғанды оңай оқи алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет