Жалпы сұрақтары: Нуклеин қышқылдарының мутациялық өзгергіштіктері. Спонтанды және индуцирленген мутациялар. Мутагендер және олардың қызметінің механизмдері. Гендік мутациялар.
Тірі организмердің маңызды қасиеттерінің бірі ұрпақтан ұрпаққа таралатын өзгергіштіктің пайда болуы. Мутациялық өзгергіштік көп өзгергіштіктің бір түрі болып табылады. Мутация деген атауды ғылымға Гуго де Фриз енгізген. Мутация-әртүрлі физикалық және химиялық факторлардың әсерінен организмде тұқым қуатын өзгерістің пайда болу процесі. Мутация клеткадағы геннің табиғи не жасанды жолмен өзгеруі. Организмнің табиғи не жасанды факторлар әсерінен тұқым қуатын өзгеріске бейімділігі мутабильдік деп аталады.
Мутагенез – күрделі процесс. Оның соңында не полипептидтің алғашқы құрылымында тұқым қуалаушылық өзгереді, не тұқымқуалаушылықтағы ақпарат толығымен жетпей қалады. Мутагенез негізінде генетикалық нуклеин қышқылдарының өзгеруі жатыр. Бұл кезде ДНҚ-ның өзгерген аумағында транскрипцияның үзілуі болуы мүмкін. Ол ДНҚ байламының үзілуіне де, ДНҚ фрагментінің түсіп қалуына да, негізінің әр түрлі өзгерістеріне де қалыптасқан.
Мутацияның түрлерін топтастырудың бірнеше негізі бар.