Сабақ түрі: қорытынды сабақ
Сабақ әдісі:өз бетімен жазбаша жұмыс
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Бақылау жұмысын орындау.
І нұсқа 1. Төмендегі ядролық реакциялар барысында энергия бөліне ме, жұтыла ма?
2. α-ыдыраудан кейін және екі β-ыдыраудан кейін қандай элементке айналады? 3. Лағылдық лазер 1020 фотон толқын ұзындығы 693 нм импульс шығарарады. Импульс ұзақтығы 5·10-4 с. Лазердің орташа қуатын есептеңдер. (57 кВт). 4. Дейтерий ядросының байланыс энергиясын табыңдар. (2,2 МэВ). ІІ нұсқа 1. Төмендегі ядролық реакциялар барысында энергия бөліне ме, жұтыла ма?
2.Тізбектей жүрген үш β-ыдырау мен α-ыдыраудан кейін қандай элементке айналады? 3.Көздің талмай қабылдайтын қуаты 2·10-9 Вт. Толқын ұзындығы 0,5 мкм жарықты қабылдайды. 1 с ішінде көз торына түсетін фотон саны қанша? (5·1012) 4. Тритий ядросының байланыс энергиясын табыңдар. (8,5 МэВ). ІІІ. Қорытындылау. IV. Бағалау.
11-сынып. Сабақ тақырыбы: §10.1. Жұлдызды аспан және жұлдыздар арқылы бағдар жасаудың негізгі принциптері.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға шоқжұлдыздар және жұлдыздар арқылы бағадар жасаудың негізгі принциптері туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.